• Басты
  • Антикор: Әкімшілік тәжірибе сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектеседі

Антикор: Әкімшілік тәжірибе сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектеседі

15 Наурыз, 2021 16:29

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Antikor Live» жобасында сыбайлас жемқорлықты алдын алудың тиімді құралдарды бірі әкімшілік тәжірибе туралы Агенттік төрағасының кеңесшісі Анар Жарова айтты, деп хабарлады Strategr2050.kz тілшісі.


Анар Жарованың түсіндіруінше, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық жасаған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі құзырет берілетін болады.

Өткен аптада 11 наурызда Парламент Сенатының пленарлық отырысында аталған заң жоба екі оқылымда мақұлданыпты.

«Қазіргі таңда органның әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу функциясы тек ережеде бекітілгенін атап өткен жөн. Ережедегі жаңа тармақтар Антикорға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бөлігінде әкімшілік практика бойынша құзыреттілікті толыққанды іске асыруға мүмкіндік береді», - деді спикер.

Мемлекет басшысы заңға қол қойғаннан кейін және түзетулер күшіне енгеннен кейін Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті құралдардың барлық спектріне ие болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кейін соттар қарайтын ӘҚБтК-нің 15-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар негізінде әкімшілік істерді қозғайды

«Олардың ішінде барлық әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар (ӘҚБтК-нің 676-681-баптары), кәсіпкерлік қызмет саласындағы екі құрам (ӘҚБтК-нің 154, 173-баптары) және мемлекеттік билік институтына қол сұғатын бірқатар құқық бұзушылықтар (ӘҚБтК-нің 676-681-баптары) бар. 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667 КоАП) бар» , - деп түсіндірді Анар Жарова.

Төраға кеңесшісі әкімшілік практиканы күшейту Антикордың жұмысына оң серпін беретінін айтты.

Ол атап өткендей, айтарлықтай күш пен қаражатты, қатаң дәлелдемелер базасын, сот процестеріне ұзақ уақытты қажет ететін қылмыстық шаралардан айырмашылығы – әкімшілік шараларды қолдану азғана уақыт пен шығынды қажет етеді.

«Біз әкімшілік күштерді тиімді пайдалану арқылы алдын алу тетіктерінің – талдаудың, мониторингтің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің, стандарттардың және т. б. күш – қуатын толыққанды өрістете аламыз», - деді ол.

Нәтижесінде, мемлекетке шығын келтіру және жымқыру түріндегі салдарларға жол бермей, аса ауыр сыбайлас жемқорлық көріністерінің уақтылы алдын алады.

Өндірілген айыппұлдар есебінен Агенттік жұмысының экономикалық тиімділігінің күшейте алады. Спикер мысал келтірді: Латвияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы былтыр ел бюджетін әкімшілік айыппұлдар есебінен 230 мың еуроға толықтырды, ал 10 жыл ішінде бұл сома 3 миллион еуроға тең.

Қылмыстық және әкімшілік процестер саласындағы құқық бұзушылықтар туралы айта келе, сарапшы осы бағыттағы жұмысты күшейту, тергеу және әкімшілік өндіріс сапасына оң әсер ететінін айтты.

«Жалпы, сауатты әкімшілік практика – бұл қоғамның сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлықты азайту, азаматтар мен тұтастай мемлекеттің әл-ауқатын жақсарту бойынша Агенттіктің алдына қойылған міндеттерді толыққанды іске асыру», - деп қорытты Антикор төрағасының кеңесшісі Анар Жарова.

 


Барлық жаңалықтар