• Басты
  • Antikor Live: Иордания елшісі сыбайлас жемқорлықпен күрестегі тәжірибемен бөлісті

Antikor Live: Иордания елшісі сыбайлас жемқорлықпен күрестегі тәжірибемен бөлісті

18 Наурыз, 2021 18:22

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Иорданияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юсуф Абдельғанимен кездесті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Әңгімелесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы соңғы заңнамалық бастамалар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар тізбесін кеңейту және Агенттікке жақын арада қажетті құзыреттер беру туралы әңгіме болды.

Шетелдік дипломат Антикор жұмысын жоғары бағалады.

"Ведомство жүргізіп жатқан жұмыстың серпінділігі сезіледі. Мен агенттіктің шараларымен таныстым.  Бұл шараларға  Иорданиядағы парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия тарапынан жоғары қызығушылық бар. Екі ведомство арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында, Covid-19 пандемиясына байланысты шектеулер алып тасталған жағдайда, осы жылы жаз айларында Иорданиядан бір топ делегация Қазақстанға келіп, Антикормен тәжірибе алмасады", - деп жоспармен бөлісті Юсуф Абделғани.

ca92d98a-9f6c-485c-96ad-e17aae05aa30.jpg

Юсуф Абдельғани  мемлекеттік қызметтегі жағымсыз қылықтардың теріс салдарын атап өтті: «Өз ұстанымын теріс пайдаланған көшбасшы бүкіл жүйені бұзады. Оның тек заң алдында ғана емес, бүкіл халық алдында жауапты екенін түсіну қажет».

Елші бизнесті қорғау тұрғысынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығына ерекше назар аударды. Ол 7 сәуірде өтетін алдағы Business Integrity Forum аясында Иорданиядағы инвестицияларды қолдау және қорғау туралы баяндайды.

Кездесу соңында дипломатқа азаматтармен тікелей жұмыс істеу үшін ашылған Антикор-орталық таныстырылды. Онда баспасөз орталығы да орналасқан. Оның жұмысы аясында «Antikor.Live» жобасы іске асырылуда, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатпен қандай да бір түрде жанасатын мәселелерді түрлі салалардағы сарапшылардың түсіндіруі үшін алаң ретінде ашылған. Иорданиялық әріптестер сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабардарлықты арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру аясында осы тәжірибені қолданбақ.


Барлық жаңалықтар