• Басты
  • Антибиотиктердің ағзаға әсері туралы нені білу керек
29 Қыркүйек, 2020 15:46

Антибиотиктердің ағзаға әсері туралы нені білу керек

Алматы қаласы әкімдігінің өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған «Пандемия кезіндегі емхана жұмысының алгоритмдері туралы» брифинг барысында Алматы қаласы №18 емханасының бас дәрігері Майя Большанова антибиотиктің тигізетін зиянын айтты. Антибиотиктердің иммунитетке әсері мен Алматы қаласындағы емханалардың коронавирустың жаңа толқынына дайындық деңгейін Strategy2050.kz тілшісінің шолу материалынан оқи аласыздар.


Антибиотиктердің ағзаға әсері туралы нені білу керек

Дәрігердің айтуынша, антибиотикті мөлшерден тыс қолдану адам иммунитетінің төмендеп, ағзаның әлсіреуіне әкеледі.

Антибиотик белгілі бір ауруды емдеп, бактерияны өлтіргенімен, керіс әсерін де тигізеді. Антибиотиктер адамның иммунитетін түсіреді.. Егер оларды жиі-жиі қабылдасаңыз, екі айдан кейін иммунитет бірден түсіп кетеді. Осы кезде қосалқы аурулар шығып, сәл салқынан ауырып қалу қаупі жоғарылайды. Антибиотикті тек дәрігердің нұсқауымен ішу керек, - деді Майя Большанова.

Дәрігер бактериялық аурумен вирустық аурудың екеуіне бірден антибиотик көмектеспейтінін айтты.

Антибиоктикті тек қажет кезде, ауру асқынғанда қабылдаған дұрыс. Сонымен қатар бактериямен күрескен кезде антибиотик құтқаруы мүмкін. Ал вирустық ауру болған кезде антибиотик емдей алмайды. Ол үшін вирусқа қарсы препарат қажет. Сондықтан антибиотикті тек дәрігер айтқан кезде ішу керек. Өздігінен дәріханадан антибиотик сатып алып ішуге мүлдем болмайды, - деп ескертті спикер.

Майя Большанова өзі қызмет ететін Алматы қаласы № 18 емхананың коронавирус инфекциясының болуы мүмкін жаңа толқынына дайындығы туралы айтты.

Мария Большанованың айтуынша, пандемия тағы орын алса, ең басты міндет медициналық көмек қолжетімді әрі сапалы болу керек. Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің қауіпсздігін қамтамасыз ету керек. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек беруге кез келген уақытта дайын болу керектігін де атап өтті.

Алғашқы медициналық, санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда «таза» және «лас» аймақтар қалыптастырылған:

— Аусымдарға бөлінді;

— Эпидемияға қарсы режимді сақтау, аймақтарға бөлуді сақтау бойынша бақылау күшейтілді;

— Кіреберістерде күнделікті инфекциялық бақылау жүргізілетін санитарлық бекеттер қойылды;

— Жұқтыру қаупінің дәрежесіне байланысты ЖҚҚ-ның жеткілікті санымен қамтамасыз етілді;

— Індетке қарсы іс-шаралар, ЖҚҚ дұрыс пайдалану қағидаттары бойынша жеке оқыту, ЖҚҚ дұрыс пайдалануды бақылау жүзеге асырылады;

— Инфекциялық аурулары бар, оның ішінде COVID 19 жұқтыруы мүмкін пациенттерге медициналық көмек көрсетуді тек сүзгіден өткізу (фильтр) аумағында және үй жағдайында мобильді бригадалар жүзеге асырады;

— Созылмалы инфекциялық емес аурулары бар пациенттерді қашықтан байланыс орнатып, бақылауда ұстау.

Сүзу (фильтр) аймақтарында жұқпалы аурулары бар және коронавирус жұқтыруы мүмкін деген науқастарды қабылдау кезінде аурудың дәрежесі анықталады. ПТР тест тапсырылады, ауру жеңіл түрде болса емдеу шаралары бекітіледі және науқас амбулаториялық бақылауда болады. Мобильді бригадаға және учаскелік дәрігерге беріледі, орташа-ауыр түрімен ауырған пациент арнайы оқшаулану орнына жатқызылады және жедел медициналық жәрдем бригадасы профильді стационарға апарады, - деп түсіндірді бас дәрігер.

Емхана жанынан құрамында дәрігер, медбике, психолог немесе әлеуметтік қызметкер бар 6 мобильді бригада құрылды. Сондай-ақ, пандемия кезінде қажетті дәрі-дәрмектер қоры дайындалды. Қорда қажетті препараттар бар.

Сонымен бірге, аурудың белгілері туралы, сақтық шаралар толық жазылған арнайы кітапшалар жасалды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға БАҚ, әлеуметтік желі мен арнайы сайттар арқылы бейнероликтер таратылып, аурудан сақтану жолдары барынша түсіндіріліп жатыр.

Майя Большанова тұрғындарға үндеу жасады.

Далаға шығар болсаңыз, міндетті түрде маска киіп, әлеуметтік Қазір емханаларда тұмауға қарсы тегін егу шаралары жүргізілуде. Қарт пациенттер, балалар, жүкті әйелдер үшін тұмау вирусынан сақтану вакцинасы тегін. Егер коронавирустың қандай да бір белгілері білінсе, дереу емханаға келу қажет. Маскамен!, - деді М. Большанова.

21-27 қыркүйек аралығында 26 қазақстандық коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Өткен тәулікте 10 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 16 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны – 32 500, өлім жағдайлары - 351, барлығы 27 073 адам сауығып шықты.

Барлық жаңалықтар