Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді

7 Шілде, 2021 12:57

1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектепке дейінгі ұйымдарында, мектептерде, колледждерде және әскери, арнаулы жоғары оқу орындарында мемлекеттік аттестаттау енгізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Білім департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Мемлекеттік аттестаттау

Білім департаментінің басшысының айтуынша, мемлекеттік аттестаттау МЖМБС талаптарының сақталуын бақылау және білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында профилактикалық бақылау нысанында өткізіледі.

Гүлнар Ермекбаева аттестаттау білім сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті. Елімізде 2017 жылдан бастап білім беру мекемелері көшпелі комиссияны іріктеп бағалаған.

«Енді барлық ұйым аттестациядан бес жылда бір рет өтетін болады. Сондай-ақ, негізгі жұмыс мекемелердің өздеріне жүктеледі. Мемлекеттік аттестаттау профилактикалық бақылау нысанына бармай-ақ өткізіледі. Ол мектепке дейінгі ұйымда, мектеп, колледж, әскери және арнайы жоғары оқу орындарында өтеді», – деді ол.

Оның айтуынша, меншік нысаны ведомстволық жүйеге қарамастан мекемелердің барлық түрлерін қамтиды. Оның ішінде мектеп, колледж, балабақша тәрбиеленушіліренің білімін тексеру, ата-анаға сауалнама жүргізу, білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы арқылы іске асатынын жеткізді.

Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы

Сонымен қатар, департамент басшысы халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы туралы баяндады.

«Мекеме ұсынатын білім сапасын өздері талдауы керек. Бұл жүйе білім беру тәжірибесін жетілдіруге бағытталған. Яғни, мемлекеттік аттестаттауды өткізу өкілеттігі негізінен білім беру ұйымдарына жүктеледі», – деді Гүлнар Ермекбаева.

Оның мәлметінше, бастауыш сынып оқушылары екі пән бойынша, жоғарғы сынып үш және төрт пән бойынша тест тапсырады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында студенттердің білімін екі бейіндік пән бойынша тексерістен өтеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейінде ата-аналарға сауалнама жүргізу арқылы іске асады.

Бес жыл ішінде барлық балабақша, мектеп пен колледждер мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Бұл білім беру сапасын жақсартады әрі ұйымдардың дәрежесі артады.

Білім бөлімдері 4, 9 және 11 сыныптарға қатысты. Бастауыш сынып оқушылары екі пән бойынша, жоғарғы сынып үш және төрт пән бойынша тест тапсырады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында студенттердің білімін екі бейіндік пән бойынша тексереді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейінде ата-аналарға сауалнама жүргізіледі.

«Бес жыл ішінде барлық балабақша, мектеп пен колледждер мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Бұл білім беру сапасын арттырып, дәрежесін жоғарлатады»

Сондай-ақ, өзін-өзі бағалау нәтижелерін қарау барысында бақылау органы сарапшылардың жасырын болуы, білім беру ұйымының басшысымен бейне сұхбаттасу, бейнеконтенттерді ұсыну және басқалары сияқты бағалау элементтері мен принциптерін қолданады.

Оның дерегінше, Алматыда 207 мемлекеттік және 67 жеке меншік мектеп, 189 мемлекеттік пен 643 жеке меншік балабақша, 96 колледж, 39 жоғары оқу орны бар. Олардың барлығы аттестациядан өтеді.

Барлық жаңалықтар