• Басты
  • Қанат Ислам елордалдық көпбалалы анаға пәтер сыйлады
20 Қыркүйек, 2019 15:39

Қанат Ислам елордалдық көпбалалы анаға пәтер сыйлады

Танымал боксшы Қанат Ислам бастаған «QAZAQ promotions» промоутерлік ұйымы «Ел-Несібе» Қайырымдылық қоры» Қоғамдық қоры арқылы 8 баласы бар жалғыз басты көпбалалы анаға 2 бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды Strategy2050.kz.
Қанат Ислам елордалдық көпбалалы анаға пәтер сыйлады | Strategy2050.kz

Пәтер Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауында Сарыарқа ауданында орналасқан. Сыйланған үй көпбалалы отбасыға ыңғайлы болуы үшін іргесінде орналасқан мектеп және балабақшаның жақындығына орай арнайы таңдалды.  Сондай-ақ, пәтердің іші тұрмысқа қажетті барлық техникалармен, төсек-орынмен толық жабдықталған. 

Пәтердің кілтін жалғызбасты ана Гүлшат Баяділоваға қазақ кәсіпқой боксының жарық жұлдызы, WBO Inter-Continental чемпионы, қазақтың қайсар ұлы Қанат ИСЛАМ өзі тапсырды. Көпбалалы отбасы соңғы секундтарға дейін баспаналы болатынын, оның кілтін қазақтың мақтанышы Қанат Ислам тапсыратынын білмеген. Барлығы құпия ретінде сақталып, өмірде көптеген қиындықтарға кездесіп, мойымаған анаға тосын сый жасау үшін «Ел-Несібе» Қайырымдылық қоры» Қоғамдық қорының өкілдері арнайы ұйымдастырған. 

Баяділова Гүлшат – жалғызбасты ана, «Күміс алқа» иегері.  8 баланы өмірге әкеліп, бағып, ер жеткізген. Баласының алды тұрмыс құрып, жеке отбасы болып отыр. Екінші баласы науқас, қаржының тапшылығынан медициналық көмек уақытылы көрсетілмегендіктен, нақты диагнозы анықталмаған. Үшінші баласы колледж студенті, ал қалған 5 баласы мектеп оқушылары. Осы уақытқа дейін жер үйдің аядай бір бөлмесін паналап келген. Пәтерге төлейтін қаражаты болмағандықтан, зәулім коттедждің қыста отын жағып, жазда күлін төгіп, ауланы тазалап, басқа да жұмыстар істегені үшін тегін тұрған. «Клуб добряков» көмек ретінде, холодильник, төсек, диван, газ плита әкеліп берген. Оған дейін жерге жатып жүрген екен.

 Баспананың зардабын тартып келген жанұя жағдайы туралы білген «Ел-Несібе» Қайырымдылық қоры» Қоғамдық қорының өкілдері жан-жақтан көмек сұрастыра жүріп, қазақтың жомарт пейілді жаужүрек ұлы Қанат Исламға осы жайды жеткізеді.

Былғары қолғап батыры ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен 5-ші шілдеде Алматыда өткен «Қанат Исламмен бокс кеші» атты  шарадан жиналған қаржының бір бөлігіне көп балалы отбасыға баспана алып беруді ұйғарған.

Айта кетейік, «Ел-Несібе» Қайырымдылық қоры» Қоғамдық қоры 23.04.2019 ж тіркелген. Бастауын 2017 жылдың 22 наурызынан «Нұрлы жүрек» еріктілер қайырымдылық тобынан алады. Осы уақытқа дейін 21 отбасыға қаржылай және материалдық көмек көрсетілді. Олардың ішінде 4 отбасыға көмек тұрақты түрде көрсетілуде. Қор тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана емес, Семей, Өскемен, Қарағанды, Шымкент қалаларында да мұқтаждарға қолын ұшын созуда. Семей қалалық Жайдарман КВН одағымен «Қайырымдылыққа бағытталған жоба», Нұр-Сұлтан  әкімдігінің Руханият КММ жүйелі түрде ай сайын «Мейірімді қала» Қайырымдылық футболын ұйымдастырады. 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды