• Басты
  • Анар Жайылғанова журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
27 Маусым, 2020 19:57

Анар Жайылғанова журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Анар Жайылғанова журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
«Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді.

Мемлекет басшысы бүгінгі құттықтауында атап өткендей, жаһандық тұрақсыздық, атап айтқанда, пандемияға қарсы күрес кезеңінде сіздердің қызметтеріңіз ерекше маңызға ие.

Журналист болу құрметті және жауапты міндет. Әрқашан жаңашылдықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдық ахуалдың алғы қатарында жүретін қызметтеріңіз құрметке лайық!

Сіздер еліміздің мемлекеттік қызмет саласындағы іске асырылып жатқан маңызды жобалар мен бастамаларды ақпараттындыру жұмысына, азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін нығайтуға қосқан үлестеріңізбен еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, қызметтеріңізге жаңа жетістіктер тілеймін!», - делінген хабарламада.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды