• Басты
  • Анар Жаилғанова: Елордада 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етуде
6 Шілде, 2020 13:40

Анар Жаилғанова: Елордада 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етуде

Бүгін біздің еліміз атаулы мейрамдардың бірі- Елорда күнін атап өтуде.

23 жыл ішінде ел астанасы заманауи, қарқынды дамып келе жатқан, қайталанбас келбеті мен архитектуралық стилі бар қалаға айналды. Нұр-Сұлтан халықаралық деңгейде танымал Қазақстанның басты көрікті шаһары болды. Осының бәрі – Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орасан зор еңбегінің нәтижесі,-дейді Анар Жаилғанова.


Анар Жаилғанова: Елордада 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етуде

Қазақстан тарихында елорда атауы мен Елбасының есімі егіз ұғым. Себебі Нұрсұлтан Назарбаев елорданы ел орталығына ауыстыру туралы тарихи шешім қабылдағаны белгілі.

Ел астанасы -Қазақстан мемлекеттілігінің басты рәміздерінің бірі, бүкіл әлемге танымал бренд және мемлекетіміздің Тәуелсіздік жылнамасының ең жарқын бөлімі.

Біздің елордамыз халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізілген, Еуразиялық континенттің орталылығына айналды. 2010 жылы мұнда ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері өтті.  2011 жылдың басында республика астанасы VII қысқы Азиада ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. 2017 жылы Нұр-Сұлтанда ауқымды шара - EXPO-2017 халықаралық көрмесі болып өтті.

Нұр-Сұлтанда әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумдары өткізілді. Сондай-ақ бұл қалада Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеу бойынша келіссөздер жүргізілді, ел астанасы барлық мүдделі елдердің өкілдерін жинаған маңызды келіссөздер алаңына айналды.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда ел мен оның азаматтарының игілігі жолында орталық және жергілікті атқарушы органдарда 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметшілер еңбек етуде. Әрине, мемлекеттік қызметшілердің Отанымыздың елордасында қызмет ететіндіктерін ұғынуы олар үшін кәсіби өсуге қосымша ынта беретіні жасырын емес,-деді Анар Жаилғанова facebook парақшасында.


Барлық жаңалықтар