• Басты
  • AMW - Орталық Азияда баламасы жоқ басқосу – Д.Абаев
11 Қыркүйек, 2019 10:28

AMW - Орталық Азияда баламасы жоқ басқосу – Д.Абаев

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Astana media week шарасында Орталық Азияда баламасы жоқ бұл басқосудың сіз бен бізге, отандық медиа саласын дамытуға қосатын үлесі жоғары болатынына сенімім мол екенін жеткізді.

AMW - Орталық Азияда баламасы жоқ басқосу – Д.Абаев  | Strategy2050.kz

« Мемлекеттік мүддені халыққа жеткізіп, қоғамдағы өзгерістерге сай көзқарас қалыптастыруда медиа саласының атқарар маңызы зор. Осы орайда, еліміздің ақпараттық құралдары алдында үлкен мақсат-міндеттер тұр. Ол Елбасы бастаған, Мемлекет басшысы қолдап отырған саяси-экономикалық және Рухани жаңғыру жөніндегі кешенді реформаларға жұртшылықты жұмылдыру. Astana Media Week диалог алаңындағы негізгі мақсаттардың бірі - сіздер бір-бірлеріңізді танып, пікір алмасады деген ниет», - деді министр.

Министр осылайша, еліміздің медиа саласын әр тараптан емес, ортақ мүдде аясында дамыту деген тілек бар екенін айтты.

«Бұл ауқымды шараның көздеген тағы бір мақсаты - ел тұрғындарының медиасауаттылығын арттыру, медиамәдениетті қалыптастыру. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі масс-медианың сапасын арттыратын кез келген бастаманы қолдауға әрқашан дайын. Сіздерді панельдік сессияларға белсене қатысуға шақырып, бүгінгі және алдағы жиындарға табыс тілеймін», - деді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды