• Басты
  • AMW: Қазақстанның жарнама және теленарығындағы көрсеткіштер қандай
12 Қыркүйек, 2019 11:56

AMW: Қазақстанның жарнама және теленарығындағы көрсеткіштер қандай

Қазақстанда жарнама нарығында телеарналар көш бастап тұр. Жарнама берушілердің көбі әлі күнге дейін арналарды таңдайды.Бұл туралы Astana Media Week форумының екінші күнінде өтіп жатқан «IDTribune – Азияның жарнама дауысы» сессиясында «International Media Servis» компаниясының бас директоры Ділмұрат Рахимов мәлімдеді.

AMW: Қазақстанның жарнама және теленарығындағы көрсеткіштер қандай

Спикер Орталық Азия елдеріндегі жарнама нарығы туралы баяндама жасады. Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан нарығын салыстырып көрсетті.

Сондай-ақ, Д.Рахимов «Орталық Азия жарнама қауымдастығының Қазақстан мен көршілес елдердің жарнама нарығын зерттеу жобасы бар. Онда Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстаннан сарапшы мамандарды тарттық. Қазақстанда да осы елдерге қатысты өзінідік сараптама тобы бар», - деп жарнама нарығында жасаған статистикамен таныстырды.

«Әр ел жарнама нарығы әртүрлі. Себебі халық саны, экономикасы т.б. көрсеткіштері бірдей емес. Болашақта индустрия адамы ретінде біз жарнамада есептеу жүйесі болу керек екенін білеміз. Қазақстан бұл жүйеде көршілес елдерге қарағанда әлдеқайда алға кетіп, 1997 жылы бастап кетті. Осы уақытқа дейін жақсы дамыды. Бүгінде Қазақстандағы есептеу жүйесі әлемдегі озық үлгілердің бірі деуге болады. Осыдан 2 жыл бұрын Өзбекстанда да осы жүйені дәл сол компания Cuntar Media іске қосты. Басқа елдерде де жарнама нарығын зерттеу үлгілері бар. Тәжікстанда бұл жүйе әлі артта қалып келеді», - деп аталған елдегі жарнама нарығын зерттеу жүйелеріне тоқтады.

Оның айтуынша, егер осы 4 елде біріктіріп қарасақ, жер шарындағы тұрғындардың шамамен 1% тұрады. Осы жерде барлық жарнамалық шығындардың 0,1% жуығы бар. Төрт елдің ЖІӨ әлемдік ЖІӨ-нің 0,3% құрайды. Яғни, біз бұдан біздің нарықтың бағаланбауын көріп отырмыз. Сонымен қатар, біздің елдегі әрбір тұрғынға әлемдегі басқа әрбір тұрғынға жұмсалатын шығыннан 10 есе аз ақша жұмсалады.

Сонымен қатар, маман еліміздегі жарнама нарығында айналымда жүрген соманы атады. Және жарнама берушілердің басым бөлігі дәстүрлі телеарнаны таңдайды екен.

«Қазақстанның жарнама нарығында 145 млн доллар бар. Былтыр Өзбекстанда 30 млн доллар болды және Қырғызстан мен Тәжікстанда 10 млн доллардан болды. Бюджетті қарастыру жағынан келсек, ешқандай жаңалық жоқ деуге болады. Жарнамалық ақшалардың 50-70 % теледидардан келеді, Тәжікстанда жарнама берушілер мен бизнес өкілдер жағынан телеарналарға деген сенім аз. Сондықтан бұл елде жарнаманы теледидарға беру көрсеткіші төмен. Ал, жалпы алғанда осы аймақтарда телеарна жарнама көзі болып отыр, ал қазір тенденцияға айналған интернет әлі Қазақстанда 16% құрап отыр», - деді Рахимов.

Өз кезегінде Орталық Азия жарнама қауымдастығының директоры Ильмурод Джумаев Қазақстанның теленарығында 5 жылда не өзгергенін айтып берді.

“Қазақстанда телевизия әлі күнге дейін көшбасшылықты ұстап келеді.Мәселен, өткен жылы Ресейде интернет телевизияны асып озған болатын. Телевизия әлі де ұзақ уақыт бойы көп қамтитын медиа күйінде сақталады деп ойлаймын. Өткен 5 жыл Қазақстан үшін күрделі болды. Бұл барлық салаға қатысты, экономикаға да оңай болған жоқ. Себебі, 2014 жылы дағдарыс басталды. Әлі де ол аяқталған жоқ”, - деді Д.Джумаев.

Оның айтуынша, бұл үрдіс барлық салаға кері әсерін тигізді.Оның ішінде сатылым көлемінің өсуі де бар.

«2014 жылы теңгенің құлдырауы болды. Қазір теңге құлап жатыр деуге болмайды, ол еркін ағынға шықты. Қазақстанда өндіріс те доллар бағамына қатысты екенін білеміз. Сол себепті де 2016 жылы шетелдік арналардың жарнамасы қысқарды. 2019 жылы өсім болатынына сенімдіміз алайда айтарлықтай жоғары көрсеткіштердің болмауы ықтимал» - деді ол.

Сонымен қатар, ол қазірдің өзінде де интенетке қарағанда теледидар көру жоғары көрсеткішке ие екенін атап өтті.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша -8 пайыз болса, биыл тенденция -4 пайызды құрады. Қазақстан мен Ресей телевизиялық жарнамаға бір адам басына шаққанда доллар көрсеткішімен бірдей ақша жұмсайтын болып отыр» - деді ол.

Айта кетейік, 11 қыркүйек, яғни кеше Орта Азиядағы ең үлкен медиа басқосу Astana Media Week басталған болатын.


Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды