• Басты
  • Алтай Көлгінов: Карантиннің созылғанын қаламаймыз
7 Шілде, 2020 18:36

Алтай Көлгінов: Карантиннің созылғанын қаламаймыз

Елорда әкімі карантиннің созылмауы үшін қазірден бастап, бұрынғы қателіктерді ескеріп, оларды қайталамай әрекетке көшкенін ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.  
Алтай Көлгінов: Карантиннің созылғанын қаламаймыз
Қолымыздан келгенше, барлық мемлекеттік қолдауды көрсетіп отырмыз. Әрине, бұл шектеу мемлекетке де керек емес. Карантин, төтенше жағдай кезінде қала бюджетіне 60 миллиард теңгеден астам қаражат түспеді. Сондықтан бұл шектеудің кәсіпкерлерге, азаматтарға қажеті жоқ. Біз тәртіпті сақтап, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Тәртіпті сақтағанымыз - дәрігерлерге қол ұшымызды бергенмен бірдей, - дейді Алтай Көлгінов.

Әкімнің айтуынша, 11 мамырдан бастап карантин талаптары жеңілдегеннен бастап, аурудың таралуы күрт өскен.

 Көктемде бір ай төтенше жағдай жариялап, карантин енгізіп, қатаң талаптарды сақтадық. Ол көмектесті. Бірақ 11 мамырдан бастап, біртіндеп карантин талаптары жеңілдеді. Осы сәттен бастап, азаматтар карантин талаптарын сақтауды ұмытып кетті. Өкінішке қарай, бірден ауру жұқтырғандар саны өсті. Осы қателікті біз қайталамауымыз қажет. Тәртіп сақтаған уақытта барлығы дұрыс болды. Дәрігерлерге, мемлекеттік бюджетке мұнша салмақ түскен жоқ. Мемлекет - сіз бен біз. Төтенше жағдай кезінде көп адам жұмыссыз тәртіпті сақтап, үйінде отырды. Бұл да шығын болды. Мысалы, кәсіпкерлерден салық түскен жоқ. Кейін карантин талабын одан әрі жеңілдеткен соң, талапты сақтауды ұмытып кеттік. Бұл қате болды, - дейді әкім.


Барлық жаңалықтар