• Басты
  • Алматыда жас педиатр дәрігерлердің ІІІ басқосуы өтеді
2 Наурыз, 2020 18:10

Алматыда жас педиатр дәрігерлердің ІІІ басқосуы өтеді

2020 жылдың 3 наурыз күні Алматыда Ұлы Абайдың «Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек» деген (Абайдың 32 қарасөзі) ұранымен «Жас зерттеуші: заманауи педиатрия және балалар хирургиясы дамуының сын-тегеуріні мен келешегі» атты тақырыпта докторанттар, магистранттар мен резиденттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.  Аталмыш шара С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 90 жылдығына орай   орайластырылып отыр, деп хабарлады «Педиатрия және балалар хирургиясы  ғылыми орталығы» баспасөз қызметі 

Алматыда жас педиатр дәрігерлердің ІІІ басқосуы өтеді

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, «Педиатрлар Одағы» қоғамдық бірлестігі мен С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың балалар аурулары кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін конференцияға ТМД, Қазақстан және шет елдерден 100-ден астам зерттеу жұмысымен айналысатын ізденушілер, жас педиатрлар мен балалар хирург-дәрігерлері қатысады.   

Халықаралық деңгейдегі бұл конференцияда балалардағы ауруларды емдеу мен диагностикалаудың заманауи әдістері,  балаларға медициналық көмек беруді ұйымдастырудың аспектілері,  сирек ауруларды емдеу мен диагностикалауы жетілдіру мен жаңа стандарты, түрлі хирургиялық және соматикалық патологиялары бар балаларды оңалту,   психологиялық және медициналық-әлеуметтік бейімдеу, балалар жасындағы интенсивті терапия мен анестезиология, диагностикалау мен емдеуде  қолданылатын заманауи медициналық технологиялар және т.б. нәрестелер мен балаларды емдеу мен педиатрия, хирургия саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, ғылыми жобалар ұсынылады және практикадағы ерекше клиникалық жағдайлар ортаға салынады.   

Конференцияның ашылу салтанатында С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың  ректоры Талғат Нұрғожин, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма төрайымы Риза Боранбаева жас ғалымдар алдында алғы сөз сөйлейді. Конференцияның басты мақсаты - жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру, педиатрия және балалар хирургиясы саласындағы өзекті мәселелерді көтеру, дамуы мен келешегін саралау,   жас мамандарды ғылыммен айналысуға шақыру, денсаулық саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда жас дәрігерлердің рөлін арттыру.  

Ғылыми конференцияға ұсынылған баяндамалар үш аталым бойынша анықталып, арнайы дипломдармен марапатталады:
1. «Үздік баяндама» (3-орын);
2. «Үздік мақала» (3-орын);
3. «Үздік постерлік баяндама» (3-орын).

Ғылыми жобаларды педиатрия және хирургия саласының білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы саралайды. Үздік баяндамалар мен ғылыми мақалалар Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына қарасты «Педиатрия және бала хирургиясы» ғылыми журналында жарияланды.  Журнал ғылыми қызметтердің нәтижелерін жариялау үшін ҚР ҒБМ-нің Ғылым және білім саласын қадағалау комитетімен ұсынылған, сондай-ақ Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индексі (РИНЦ) мәліметтер базасына кіреді. 

Барлық жаңалықтар
3.216.79.60, 192.168.88.100