- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары
Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы мен оқушылардың санитарлық -эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы баяндады. Оның дерегінше, биыл 287 мектеп 300 мыңға жуық оқушы қабылдайды. Сондай-ақ, жиында Алматы қаласының бас санитар дәрігері коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал ушығып тұрғанын еске салды. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваныі айтуынша, жаңа оқу жылында қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, оқу дәстүрлі форматта басталады. Осы орайда, 287 мектеп 300 мыңға жуық оқушы қабылдайтынын жеткізді.
«Оның 30 мыңы бірінші сынып оқушылары болса, 68 мыңнан астам студент 82 колледжде оқуды бастайды. Ал мектепке дейінгі ұйымдар қалыпты жұмысына оралды. Қазіргі уақытта 860 балабақша мен шағын орталықтарда 69 мыңнан астам бала бар», - деді ол.
Білім басқармасының басшысы барлық білім беру ұйымдары Ashyq жобасына қосылғанын және 100% қажетті мөлшерде жуғыш, дезинфекциялаушы және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Оның мәлімдеуінше, 1 қыркүйектен бастап білім беру мекемелерінде санитарлық талаптардың сақталуына тұрақты бақылау жүргізілетін болады. Мәселен, температураны өлшеу, визуалды тексеру, желдету режимдері, кварц, ылғалды тазалау және басқа да шаралар.
«Рұқсат етілмеген адамдардың кіруіне тыйым салынады және бұқаралық іс-шаралар болмайды», - деді Ләззат Жылқыбаева.
Оқу процесі бір мезгілде үш бағытта жүреді
Ол Алматыдағы қазіргі эпидемиологиялық ахауды ескере отырып, оқу процесі қалай ұйымдастырылатынын айтып берді. Оның сөзінше, Алматы «қою қызыл» аймақта болғандықтан, білім беруді ұйымдастыруда оқушылардың өздігінен келуін болдырмау және балалар арасында инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында оқу процесі бір мезгілде үш бағытта жүреді. Мәселен, оқушыларға ата-аналарының өтініштері негізінде онлайн оқыту ұйымдастырылады. Осылайша, ата-аналарға баласын мектепке беруді немесе оқуды қашықтан жалғастыруды таңдау құқығы беріледі. Сондай-ақ, офлайн оқыту негізінен 1-5 сыныптарды, бітіруші 9-11 сынып оқушыларын қамтиды және сыныптарда оқушы саны 25 адамнан аспайды екен.
«Білім басқармасы дәстүрлі білім беру форматына кезең-кезеңмен көшуді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бүгінде мұғалімдер мен ата-аналар арасында қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - деді басқарма басшысы.
Оның мәлімдеуінше, кез-келген сұрақ бойынша оқушылардың ата-аналары мектеп әкімшілігіне немесе тікелей білім басқармасына хабарласа алады. Сондай-ақ, ол Алматыдағы білім беру ұйымдарының 34 мыңнан астам қызметкері коронавирусқа қарсы екпе жасатқанын атап өтті.
«Медициналық қарсылықтары барларды қоспағанда, мұғалімдердің 100% екпе төлқұжатын алды. Себебі білім беру қызметкерлеріне вакцина алу балалардың денсаулығын қорғауға, инфекциядан және коронавирустың таралуын тоқтатуға көмектеседі», - деді ол.
Жиында Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің мәліметінше, 26 тамызда Алматыда бірінші компонентпен - 3 894 адам, екіншісімен - 7 357 адам вакциналанған. Барлығы 2021 жылдың 1 ақпанынан 26 тамызына дейінгі кезеңде 856 899 адам бірінші компонентпен, 706 424 адам екінші компонентпен егілген. Екпе алған адамдардың жалпы санынан 60 жастан асқан адамдар 110 236 адамды құрайтынын жеткізді.
Сондай-ақ, Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорттық нысандарда, базарлар мен сауда орталықтарында 160 екпе пункті бар екенін атап өтті. Оған 1028 адамнан тұратын 237 екпе бригадасы жұмылдырылған.
Алматыда эпидахуал ушығып тұр
Бас санитар дәрігер балалар арасында COVID-19 ауруы туралы баяндап берді. Оның сөзінше, дені сау, егілген ересектер балалар ауырмауы үшін ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету керек.
Сонымен қатар, ол Алматыда коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал ушығып тұрғанын еске салды. Бекшиннің дерегінше, тамыз айында 39 200 КВИ ауруы тіркелген, бұл жыл басынан бері 121 200 жағдайдың 32%-ын құрайды екен.
«23 тамыздан бастап аурудың күнделікті өсуі 1,1%деңгейінде қалып отыр. Бұл қоғамда инфекцияның әлі де жоғары таралуын көрсетеді.Симптомды науқастардың үлес салмағының өсуі 95 пайыз деңгейінде қалуда»,- деді бас санитарлық дәрігер.
Оның дерегінше, 27 тамыздағы жағдай бойынша вакцина егудің толық курсынан кейін Алматы тұрғындарының иммундық қабаты халықтың ресми санынан 42%-ын құраған.
«Көбінесе 20 жастан 39 жасқа дейінгі тұрғындардың 33,5%-ы коронавирус жұқтырады. Ал 40-59 жас аралығында жұқтырғандар - 25,2%-ды және 60 жастан асқан - 23,1%-ды құрайды. Балалар мен жасөспірімдер жұқтыру көрсеткіші 18%. Соның ішінде, биыл 9 мыңға жуық студент коронавирус жұқтырды»,- деді ол.
Бас санитар дәрігер жаңа оқу жылының офлайн форматта басталуы мектеп оқушылары арасында сырқаттанудың ұлғаю қаупін тудыратынын атап өтті. Сонымен қатар, ол эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша науқастарды жұқтырудың негізгі орындары сауда объектілері - 32%, отбасылармен байланыс - 16%, қоғамдық көліктер - 17,1%, базарлар - 13% екенін атап өтті.
Инфекция санының көбею себептері
Жандарбек Бекшин халық арасында инфекциялар санының көбеюінің себептері халықтың жеке қауіпсіздігі шараларының төмендеуі, қоғамдық орындарда және көлікте маска режимін сақтамау жататынын атап өтті.
Оның сөзінше, қала тұрғындары тыйым салынған қоғамдық тамақтандыру, қала маңындағы аудандар мен жалға алынған коттедждерде отбасылық іс-шараларды, тойларды, мерейтойларды өткізуді жалғастыруда.Соның ішінде, кафелер, мейрамханалар, түнгі клубтар сияқты қоғамдық орындарға белсенді баратын және екпе алғысы келмейтін, маска режимін сақтамайтын жастар жиі жұқтырады екен.
«Алматылықтарды тезірек екпе алуға, қоғамдық орындар мен көліктерде бетперде режимін сақтауға шақырамын. Сондай-ақ, адамдар көп жиналатын объектілерге бармасаңыздар екен», - деді Бас санитар дәрігер.

-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері

