• Басты
  • Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда

Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда

17 Тамыз, 2021 13:07

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин эпидемиологиялық ахуал ушығып тұрғанын мәлімдеді. Оның дерігінше, тамыз айынан бүгінгі күнге дейін 24,3 мың жағдай, жыл басынан бері 105,6 мың жағдай тіркелген. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Алматыда эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеуінше, күніне 1,5 мыңға жуық коронавирус жұқтыру жағдайды тіркелген. Бұл жағдай 28 шілдеден бастап сақталып тұр.

«15 тамызда 22 800 жағдай тіркелді. Тамызда 24,3 мың жағдай, жыл басынан бері - 105,6 мың жағдай тіркелді», - деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, алдыңғы аптамен салыстырғанда соңғы аптада «симптомды» науқастардың үлесі 93%-дан 94%-ға дейін артқан.

Оның айтуынша, Еуропа қалаларында адамдар вакцинаның тапшылығынан кезекке тұруға мәжбүр. Алматыда екпені тіпті сауда орталығының өзінде ақысыз алуға болатынын жеткізді. Алайда, бұл мүмкіндікті қала тұрғындарының барлығы пайдаланбай отырғанын жеткізді.

«Мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға, маскаларды дұрыс тағуға және оларды жиі ауыстыруға және вакцина алуға шақырамын», - деді ол.

Жандарбек Бекшиннің дерегінше, жұқтыру деңгейі 20-39 жас аралығындағы алматылықтар арасында - 35,6%-ды құраса, 40-59 жастағылар арасында- 24,2% және 60 жастан асқандар арасында - 23%, барлық жағдайлардың 83%-ын құрап отыр.

Бекшиннің мәлімдеуінше, 60 жастан асқан адамдардың арасына вирус жұқтыру деңгейінің 1,5%-ға артқан. Сондай-ақ, олардың ауыр халде екенін жеткізді. Сонымен қатар, 1 жасқа дейінгі сәбилердің де дерт жұқтырып жатырғанын атап өтті.

Ashyq-та «қызыл» мәртебесі бар 387 тұрғынға айыппұл салынған

Алматыда «Ashyq» жобасының көмегімен 28 сәуір-15 тамыз аралығында қалада «қызыл» мәртебесі бар 387 тұрғынға айыппұл салынған. Олардың барлығы коронавирус жұқтырған және оқшаулау режимін бұзғаны белгілі болған.

Оның дереігінше, Алматыда «Ashyq» жобасына 6486 қатысушы бар. Тағы 5 541 нысан ерікті түрде қатысуда. «Ashyq көшбасшылары» 105 нысан. Жауапкершілігі төмен 362 қатысушы жобадан шығарылған,

«Ashyq» ережесін бұзушы нысандар

«9-13 тамыз аралығында монитроинг топтары жүргізген тексерулер кезінде Ashyq жобасында жұмыс жасайты кәсіпкерліктің 23 субъектілерінің шектеулі карантиндік талаптарды бұзғаны анықталды, бұл бақылаудың жеткіліксіз екенін көрсетеді», - деді бас дәрігері.

Оның мәліметінше, 29 шілде мен 5 тамыз аралығында «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандардың кіреберісіндегі сканерлеу нәтижесінде 1239 тұрғын «қызыл», 194 тұрғын «сары» мәртебеге ие болған. Сондай-ақ, келушілерді офлайн режимде сканерлеу бойынша әкімшілік шаралар қолданылған. 9-15 тамыз аралығында қалада «қызыл» мәртебесі бар 144 тұлғаға айыппұл салынған.

«28 сәуір мен 15 сәуір аралығында Алматы қаласында «қызыл» мәртебесі бар 387 жеке тұлғаға оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - деді ол.

Дерт жұқтырудың ошағы анықталды

Алматы тұрғындары көбінесе коронавирусты сауда нысандары мен отбасылық шараларда, тойларда, мерейтойларда және еске алу кештерінде жұқтыратыны белгілі болған.

Соның ішінде, отбасылық шараларда жұқтырудың өсуі - 2,1%, сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде - 1,7%, азық-түлік және азық-түліктік емес дүкендерде - 1,2%, супермаркеттер мен гипермаркеттерде - 0,2%, қоғамдық көліктерде - 1,4%-ға, қоғамдық тамақтану орындарында - 1,1%-ға, басқа аймақтарға барғанда - 0,6%-ға, сауналарда, фитнес-орталықтарда - 0,1%-ды құрап отыр.

Бас санитар дәрігер жұқтыру нысандарының саны артқанын мәлімдеді. Соның ішінде, «Ashyq» жобасының қатысушылары арасында жұқтыру 200-ден 407 адамға дейін өскен.

«Ashyq» жобасының қатысушылары арасында жұқтыру бұл кіреберістегі басқару жүйесінің жеткіліксіз жұмыс жасауы салдарынан. Алматыдағы инфекция жұқтыратын негізгі бес ошақты бар.Олар: сауда объектілері - 35%, отбасылық байланыс - 17,9%, қоғамдық көлік - 17,6%, базарлар - 13%, отбасылық шаралар инфекция деңгейі 1,4-тен 3,5%-ға дейін күрт өсті», - деді ол.

Қала тұрғындары тойды күндіз әрі жеке үйлерде өткізуге көшкен

Сонымен қатар, Алматы тұрғындарын үйлену тойлары мен мерекелерді жасырын өткізбеуге шақырды. Мұндай шараларды ұйымдастыру әсіресе келетін қонақтардың денсаулығы үшін өте қауіпті екенін айтты.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, мониторингтік топ өкілдері жасырын тойлар мен кештерді қатаң түрде тоқтатуда. 9-14 тамыз аралығында 954 нысанның тексерілген. Соның ішінде, 124 нысанның карантин шараларын бұзғаны анықталған. Бас санитарлық дәрігер қала тұрғындарының тойды күндіз, тіпті жеке үйлерде өткізе бастағанын да атап өтті.


Барлық жаңалықтар