• Басты
  • Алматыда «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында 29 спорт және балалар алаңы салынды
28 Ақпан, 2020 10:04

Алматыда «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында 29 спорт және балалар алаңы салынды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы бойынша «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлнар Қоңырова мәлімдеді.

Алматыда «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында 29 спорт және балалар алаңы салынды

2019 жылы Алматыда "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында 140 жоба жүзеге асырылды.

«Туған жер» арнайы жобасы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының бағыттарының бірі, ол «кіші отанды» дамытуға, азаматтарды туған өлкені дамытуға тартуға, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған.

 «Туған жер» арнайы жобасы аясында 2017 жылдан бастап демеушілер есебінен 46 нысан салынды. 2019 жылы 108 жоба іске асырылды.

"Тенгриан күнтізбесі" мүсін кешенінің ашылуымен Орталық мәдениет және демалыс саябағын қайта жаңарту және модернизациялау аяқталды, Бостандық ауданында №105 мектеп-гимназиясының жанына салынған 300 орындық  қосалқы нысан  пайдалануға берілді. №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөлмесі мен операциялық блогын қалпына келтіру және жабдықтау аяқталды. Демеушілердің қатысуымен 29 спорт және балалар алаңы салынды. "Асыл Мирас"қайырымдылық қорының қаражаты есебінен бас ботаникалық баққа қайта жаңарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың күзінде Бостандық ауданындағы № 140 мектепке 300 орындық қосалқы құрылысты аяқтау, қаланың 10 кітапханасын модернизациялау жоспарланған. Олар Жамбыл атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының үлгісі бойынша коворкинг-орталық болады.

Сонымен қатар, арнайы жоба аясында жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін "Smart Jastar" ("Туған жер"), "Jas Kasipker” жастар лагерлері жұмыс істейді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды