• Басты
  • Алматыда митинг өткізу туралы жаңа заң талқыға салынды
17 Ақпан, 2020 16:05

Алматыда митинг өткізу туралы жаңа заң талқыға салынды

Оңтүстік астанада ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен митинг өткізу және ұйымдастыру тәртібі жөніндегі ҚР заңын жетілдіру мәселесі қаралып жатыр.

Алматыда митинг өткізу туралы жаңа заң талқыға салынды

"Біз бейбіт шеру өткізу және ұйымдастыру тәртібі бойынша жаңа заң жобасын дайындадық. Бүгін бұл заңдыбараңызбен бірге талқыға салсақ, жетілдірсек деген бағытта жиналып отырмыз. Алғашында "бұрынғы заңды толықтырсақ" деген едiк, алайда жаңа заңды қабылдаған анағұрлым жеңіл. Заңда БАҚ өкілдерінің, құқыққорғау оргадарының қатысуы, шерудiң өтетін орны және тағы басқа мәселелер анық көрсетiлген, - деді Дәурен Абаев.

Сонымен бірге жиынға қатысқан академик Рахман Алшанов бұл заңды жетілдіру мемлекет басшысы Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқанын айтты.

"Мемлекет басшысы халыққа жолдауында бейбіт шеру өткізу туралы заңды жетілдіруді міндеттеді. Ол Конституцияға сәйкес халықтың өз пікірін еркін білдіруге және тәртіп бұзып, елдің мазасын алмаса, ондай шерулерді өткізуге рұқсат беру қажеттігін айтқан. Біз Сарыарқа кинотеатрының артынан кейін екінші орын деп Махатма Ганди ескерткішінің маңын таңдаған едік, - деді ол.

Айта өтейік, аталған шараға қоғам белсенділері, Қоғамдық сенім кеңесі мүшелері қатысуда. Министрдің атап өткендей, 1995 жылы қабылданған бейбіт шеру өткізу жөніндегі Заңнама толықтыруды қажет етеді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды