• Басты
  • Алматыда мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды түрде көрсетілуде
9 Қазан, 2019 11:41

Алматыда мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды түрде көрсетілуде

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтің 45 түрін ұсынатынын хабарлайды. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 3 533 279 мемлекеттік қызмет, оның ішінде электронды түрде - 3 306 070 немесе 93,8%, мемлекеттік корпорация арқылы 9 194 қызмет көрсетілген.

 


Алматыда мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы  электронды түрде көрсетілуде | Strategy2050.kz

Соның ішінде ең көп таралған қызмет түрлері:

·         Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу - 73 087;

·         Салық төлеушіні тіркеу - 23 925;

·         Бақылау-кассалық машиналарды машиналарды тіркеу және тіркеуден шығару (БКМ)-55 410;

·         Салық есептілігін қабылдау - 1 199 372;

·         Жеке шоттан бюджетке есеп айырысулардың жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы үзінді көшірмелер беру - 1 489 506;

·         Салық есептілігін қайтарып алу - 49 187;

·         Есепке алу және салықты қайтару, бюджетке төлемдер, айыппұлдар, өсімпұлдар - 18 857;

·         Тауарларды кедендік рәсімдеу – 109 028. 

Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында қызмет көрсету аудандарына бөлу арқылы қызметтер ұсынудың пилоттық жобасы енгізілгенін атап өткен жөн, яғни модернизацияланған салық төлеушілерге қызмет көрсету орталығында модератор ағымдарды санатына қарай таратады: қолдау, прогресс, құрметті, бастауыш, балалар.

Яғни, әркім өзіне лайықты санатты таңдап, операторымен талқылауға болады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды