• Басты
  • Алматыда ұлттық "Құлагер-2019" киножүлдесі табысталды
30 Желтоқсан, 2019 16:51

Алматыда ұлттық "Құлагер-2019" киножүлдесі табысталды

Алматыда ұлттық «Құлагер-2019» кинематографиялық жүлдесі табысталды. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін мәдени іс-шараны Қазақстан кинематографистер одағы ұйымдастырып отыр, деп хабарлады Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі.

Алматыда ұлттық "Құлагер-2019" киножүлдесі табысталды

Қазақстан киногерлер одағының төрағасы Ермек Тұрсынов "Құлагер-2019" сыйлығының басты марапаты – «Үздік фильм» жүлдесін «Тұлғалық өсу тренингі» картинасы үшін Фархат Шәріповке табыстады. Марапатталған жас режиссер 10 жыл бұрын «Қызғылт қоян туралы ертегі» фильмі үшін «Құлагер» жүлдесін алғаны туралы еске алып, киногерлер одағына алғысын білдірді. Айта кетсек, «Тұлғалық өсу тренингі» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Ержан Түсіпов «Үздік актер» жүлдесіне ие болды. Ал «Үздік актриса» сыйлығы Аружан Жазылбековаға бұйырды («Композитор» фильмінде сомдаған рөлі үшін).

КОПИЯ_Лучший фильм - Тренинг личностного роста - реж.Ф.Шарипов (Копировать).jpg

«Үздік режиссер» сыйлығы биыл Әділхан Ержановқа табысталды. Естеріңізге сала кетсек, осы фильм үшін отандық режиссер халықаралық белді киножүлдесі - Asia Pacific Screen Awards-2019 сыйлығын алған болатын.

Сонымен қатар «Құлагер-2019» киножүлдесімен келесі киногерлер марапатталды, олар: Тасболат Мерекенов (үздік продюсер, «Жақсылық» фильмі), Николай Раисов (үздік сценарий, «60 дней войны» деректі фильмі), Александр Рубанов (үздік оператор, «Бүркітші» және «Адай жылқысы» деректі фильмдері үшін), режиссер Нұргельді Садығұлов (үздік дебют, «Балуан Шолақ» фильмі), қоюшы суретші Владимир Арыскин (қазақ киносының дамуына қосқан үлесі үшін).

КОПИЯ_Александр Рубанов - лучший оператор (Копировать).jpg

«Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша «Серке Қожамқұлов» деректі фильмі жеңіске жетті. Туындының режиссері Алексей Каменский. Ал «Үздік анимациялық фильм» сыйлығы Қазақстан киногерлер одағы шешімі бойынша режиссер Адай Әбілдиновтың «Күлтегін» фильміне табысталды.

Отыз жыл бұрын жарыққа шыққан «Ине» фильмінің режиссері Рашид Нұғымановқа «Аңызға айналған фильм» жүлдесі табысталды. «Бұл өз елімде алып жатқан менің алғашқы жүлдем», - деді режиссер марапаттау салтанатында.

КОПИЯ_Лучший анимационный фильм (Копировать).jpg

Сондай-ақ «Құлагер» сыйлығын Ренат Ғайсин (Үздік композитор, «Томирис» картинасы үшін), Жайдарбек Күнғожинов (Үздік каскадер), Олег Борецкий (Үздік киносыншы) алды.

Естеріңізге сала кетсек, ұлттық кинематография саласының сапалы даму деңгейін бағалау мақсатында Қазақстан киногерлер Одағы ұйымдастыруымен табысталатын «Құлагер» ұлттық кинематографиялық жүлдесі 2007 жылдан бастап өткізіледі.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды