• Басты
  • Алматыда коронавируспен күреске 12,2 млрд теңге бөлінген
3 Шілде, 2020 18:15

Алматыда коронавируспен күреске 12,2 млрд теңге бөлінген

Алматыда коронавируспен күреске бөлінген 12,2 млрд теңгенің 8,9 млрд теңгесі игерілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 


Алматыда коронавируспен күреске 12,2 млрд теңге бөлінген
«Коронавируспен күреске 12,2 млрд теңге бөлінді. 1 шілдеде қаржыландыру көлемі 11,4 млрд теңге болды, оның 86,8%-ы, 8,9 млрд теңгесі игерілген», - деді Қоғамдық кеңес отырысында Алматы бойынша ревизиялық комиссия төрағасының орынбасары Әлфия Рақышева.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған ақпаратқа сәйкес коронавирусқа қарсы Алматыда жеке қорғаныс құралдары сатылып алынған, аурухана салынған. Сондай-ақ, көлік құралдарын, подьездер мен аулаларды зарарсыздандыру жүргізілген. Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерінде жұмыс істейтін, эпидемиологиялық шараларды ұйымдастыруға қатысқан азаматтарды орналастыруға қаражат жұмсалды.

Барлық жаңалықтар