• Басты
  • Алматыда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді, бірақ күзде жағдай өзгеруі мүмкін

Алматыда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді, бірақ күзде жағдай өзгеруі мүмкін

7 Тамыз, 2020 18:02

Бас мемлекеттік санитар Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны азайып келе жатқанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

  Бас санитардың айтуынша, аурудың өсу қарқыны бәсеңдеген. 7 тамыздағы жағдай бойынша Алматы қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның 12 997 жағдайы тіркелді, оның ішінде 7 897 расталған ауру белгілері бар жағдай, ал 5 110 ауру белгілері жоқ жағдай.

Қазір эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатыр. Мәселен, бір айда Алматыда коронавируспен сырқаттанудың күн сайынғы өсімі 4,2% - дан 1,4%-ға дейін төмендеді. Базалық репродуктивті сандар көрсеткіші бойынша бір науқас 4 адамға дейін ауру жұқтырғанын көсетекен. Қазір бұл көрсеткіш 0,9-ға азайған, - деді Бекшин.
Ауру жұқтырушылардың жас ерекшелгі бойынша 20-29 жастағы адамдар арасында - 21,0%, 30-39 жастағы адамдар арасында - 20,6%, 40-49 жастағы адамдар арасында - 17,9%, 50-59 жастағы адамдар арасында - 18,5%, сондай-ақ 60 және одан егде тартқан жастағы адамдар арасында 17,7%-ды құрайды.

Алматыда коронавирустың 1400 ошағы анықталды. Бұл орындар үнемі тазаланыпп, толық дезинфекцияланып отырады.

Бас санитар Алматыдағы науқастардың көбісі коронавирусты жұмыс орындарында жұқтырғанын айтты. Бұл 49,7% құрайды, ал үй жағдайында жұқтырғандар – 19,5%, медицина ұйымдарында 0,1%. Сондай-ақ эпидемиологтар науқастармен жақын байланыста болған 48 мың адамды анықтап, бақылауға алды.

Брифинг барысында Жандарбек Бекшин жағдайдың оңалғанына қарамастан, карантин талаптарын орындап, маска тағып жүру қажеттілігін түсіндірді.

Өзім коронавируспен ауырып тұрдым, бірақ мен медициналық бетперде киіп жүрмін. Вирус үнемі мутацияға ұшырап жатыр. Коронавирусқа қарсы иммунитет қашан, қалай қалыптасатынын ешкім білмейді. Сондықтан қорғану мақсатында тағу керек. Бұл - ең алдымен қауіпсіздік, - деді ол.

Бекшин Алматыда тұрғындардың карантин шараларын сақталуы қатаң тексеріліп жатыр. Ауру белгілері жоқ, бірақ тест нәтижесі оң болып шыққан науқастар оқшаулану режимін сақтамаса, оларға айыппұл салынатынын бұған дейін жазған болатынбыз. Бас санитардың айтынша, Алматыда 15 тасымалдаушыға айыппұл салынды. Үйде оқшаулану мүмкіндігі жоқ тұрғынар арнайы стационарларға жатқызылып жатыр.

Күні кеше арнайы топ 200 үйді тексеріп көрді. 23 тасымалдаушы үйінде жоқ. Вирусы бар екенін біле тұра, көшеге шығып кеткен. Олар енді айыппұл төлейді. Тексерулер әлі де болады. Сондықтан өзін жеңіл сезінсе де, ауруы анықталған науқас ешқайда шығып кетпеу керек, - деп ескертті бас санитар.

Жандарбек Бекшин коронавирустың екінші толқыны жайлы қысқаша айтып кетті.

Күзде коронавирус күшеюі мүмкін. Оған маусымдық тұмау қосылса, жағдай күрделенуі мүмкін. Адамдардың көбі екі бірдей вирусты көтере алмайды. Әкім осы күз мезгіліне дайындықты күшейтіңдер деп тапсырма берді. Арнайы әлсіз топқа 130 мың вакцина дайындалды. Бұл топқа жүкті әйелдер, балалар, дәрігерлер кіреді. Кәсіпкерлер өз жұмысшыларына вакцина егу жағын қарастыру керек. Біз тағы да вакцина препараттарын аламыз. Сонда қауіпті қос оппоненттен тек коронавирус қалады, - деді Ж. Бекшин.

Осы брифингте Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров қаладағы медицина қызметкерлерінің денсаулығы жайлы айтты. Мәліметінше, Алматыда коронавирустан көз жұмған дәрігерлер жоқ. Алайда Тек 2 жедел жәрдем жүргізушісі мен Орталық клиникалық аурухананың лифтері, әйел адам қайтыс болған.

ҚР ДСМ бұйрығы бойынша, ауырғандарға 2 млн теңге, қайтыс болғандарға 10 млн теңге қарастырылған. Қаза болған 3 адамның отбасына қаражат беріледі. Дәрігер әріптестеріміздің өтемақы алу жағынан қарастырып жатырмыз. Республикалық электронды денсаулық орталығының электронды порталын күтіп отырмыз. Барлық ақпарат осы жүйеге енгізіледі. Бұл жүйе толық жасалған соң, әр маманның эпидемиологиялық картасын енгізетін боламыз. Әзірге 602 адамның картасы тіркеледі. Оның 58-і ғана қазір өтемақы алды. Қалған медицина қызметкерлері алатын өтемақы үшін біз тиісті әрекеттерді жаап жатырмыз, - деді Надыров.

Фото: ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар