• Басты
  • Алматыда балаларға тегін қосымша білім беруге көңіл бөлінбек
10 Қараша, 2020 16:30

Алматыда балаларға тегін қосымша білім беруге көңіл бөлінбек

Бүгін Білім және ғылым министрлігінің Фэйсбук парақшасында Алматы қаласының білім беру саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы таныстырылды. Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева саладағы осыған дейінгі және болашақта жүзеге асырылатын шаралар жөнінде айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Алматыда балаларға тегін қосымша білім беруге көңіл бөлінбек

Пандемия кезінде оқушыларды компьютерлік техникамен қамту

Копьютерлік техника алынды:

-        Жергілікті бюджет қаржысына 42 мың техника

-        Үкіметтің резервтік қорының қаржысына 38,5 мың техника

Қаладағы интернет дұрыс ұстамайтын 169 нүктесәне интернеттің жылдамдығын арттыру мақсатында қосымша антенналар қойылды. Сонымен қоса, интернет желісіне мұқтаж отбасыларға 30 мың сим карта берілді. Сондай-ақ, отандық білім беру платформалары «Online Mektep» А синхронды және «Сфера» синхронды оқытуда белсенді ұолданылып келеді.

Бастауыш мектептерде:

-        140 мемлекеттік кмектептердегі 985 кезекші сыныптарда 13 мың бала қиды

-        56 жекеменшік мектептердегі 582 кезекші сыныптарда 7 мың бала білім алуда

Басқарма басшысының айтуынша, кезекші сынып ашылған білім ордаларында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталған, сонымен қатар ережелердің орындалуы басқарма тарапынан әрдайым бақылауда.

Техникалық және кәсіптік білім беру

Оның сөзінше, Алматы қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік бағдарламада анықталған нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуде мәселе жоқ, себебі оңтүстік астанада орта және шағын кәсіпкерлік жақсы дамыған.

«Сондықтан да кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына сұраныс «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының талдауы бойынша да, жұмыспен қамту орталығының зерттеуі бойынша да үнемі жоғары деңгейді көрсетіп отыр. Көрсетілген нысаналы индикаторлары және де Worldskills стандарттары да толық орындалады деп есептейміз», - деді Ләззат Жылқыбаева.

NEET санаты бойынша жастармен жүргізілетін іс-шаралар

 

-  2019 жылы «Еңбек» бағдарламасын жастар арасында кең көлемде насихаттау үшін мобильді қабылдау комиссиялары ұйымдастырылды

-      11 мобильді қабылдау комиссиясының орны белгіленді

-      5 мыңнан астам тұрғынды қамтыды

Басқарма басшысының айтуынша, балаларды қосымша біліммен қамту деңгейі өте төмен. Өйткені білім басқармасына қарасты 23 қосымша білім беру ұйымы бар. Оның 17-сі – мемлекеттік, ал қалғаны 6-уы – жекеменшік. Алғашқысы білім алатын балалардың 22 мыңын ғана қамтыса, жекменшік қосымша ұйымдарда білім алатын оқушылардың 9 пайызы ғана қамтылған.

Балаларды тегін қосымша білім берумен қамту үшін қолға алынған шаралар

Оның мәліметінше, «2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында қаладағы мектеп оқушыларын спорт және мәдени шараларға қатысуын қамтасыз етуі жоспар әзірленген. Сонымен қоса мектептегі стадиондарды жаңарту қолға алынады. Қаладағы екі Оқушылар сарайының ғимараты бой көтермек, атап айтқанда, Алатау ауданы мен Наурызбай ауданында құрылыс жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Сонымен қоса 2021 жылы қазіргі Оқушылар сарайының ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Балалардың әл-ауқатын жақсарту

Мемлекеттік бағдарламадағы нысаналы индикаторлардың бірі балалардыі әл-ауқатын жақсарту. Басқарма басшысының сөзінше, бұл бойынша қаладағы 14 интернат ұйымындағы 2 764 баланың жағдайы назарға алынады, сонымен қатар солардың әл-ауқатын жақсартуға көңіл бөлінбек.

Осы орайда, 2021 жылдан бастап жоғарыда аталған 14 интернат ұйымын жаңалау мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қоса, Алматыдағы SOS балалар ауылының тәжірибесі бойынша 2 жастар үйін ашу жоспарланған. Бұдан бөлек, жасөспірімдерді бейімдеу орталығының функциясын өзгерте отырып, қиын жағдайда қалған балаларға көмек көрсету орталығын ашу жоспарланып отыр. Ғимарат қазір толық жөндеу жұмысынан өтті, сондай-ақ ақ, материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Қазіргі кезде құжаттар дайындалып жатыр.

Ұстаздарды қолдау шаралары

-       500-ден астам жас мұғалім 30 млн теңге көлемінде көмек алды

-       «Алматы Жастары 3.0» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасы шеңберінде 240 жас ұстаз үймен қамтамасыз етілді

-       «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары әлеуметтік грант берілді, әрқайсысына 1 млн теңге

-       Алматы әкімінің бастамасымен қалалық байқаулар ұйымдастырылды. «Алматы қаласының ұстазы», «Алматы қаласы әкімінің арнайы гранты» тағайындалды.

Осылайша, оның айтуынша, қаладағы мектеп ұстаздарының әлеуетін, мәртебесін көтеру жоспарланған.

Барлық жаңалықтар
100.24.113.182, 192.168.88.100