- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты
Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова онлайн брифинг барысында халықты жұмыспен қамту шаралары туралы айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша айтқарылып жатқан қызметтеріне тоқталды. Бұл бағдарлама 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Бірінші бағыт - "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету. Осы бағыт бойынша 21 мамандық бойынша 1005 адамды оқытқан.
Екінші бағыт - жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бизнес-идеяларды іске асыруға 1 705 мемлекеттік грант және 154 микрокредит берілді.
Үшінші бағыт - халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту болып табылады.
Бұл бағыт міндеттері:
- жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу
- еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
- жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту
30 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасты
Оның айтуынша, пандемияға байланысты 2020 жыл өте ауыр болды. Оған ешкім дайын болмағанын және халықтың көпшілігін жұмыспен қамту оңайға соқпағанын жеткізді. Сәуір айынан бастап 76 мыңдай адам жұмыс бойынша хабарласқан. Алайда, жұмыспен қамту орталығы 34 855 адамды жұмыспен қамти алған. Оның ішінде 10 958 адам «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы аясында жұмысқа орналасқан.
Сондай-ақ денсаулық сақтау саласы мамандарына тапшылық жоғары екенін атап өтті.
«Қазіргі таңда «Еңбек» порталы арқылы қандай мамандықтарға сұраныс жоғары екенін күнделікті қадағалап отырамыз. Қазір денсаулық сақтау саласында үлкен қажеттілік бар. Әсіресе, терапевт пен невропатолог дәрігерлеріне сұраныс жоғары. Сонымен қатар, білім беру саласында: педагогикалық кадрларға қажеттілік жоғары байқалады», - деді Диляра Иманқұлова.ІТ-мамандарына сұраныс артуда
Сонымен қатар, ол ІТ-мамандарына сұраныстың өсіп келе жатқанын тілге тиек етті. Пандемия дәрігерлер мен мұғалімдерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік берген. Ол осы үш негізгі мамандықты жастарға ұсынатынын жеткізді.
Алматы қаласы жұмыспен қамту Орталығының жұмыс берушілермен жұмыс бөлімінің маманы Динара Бейсенованың сөзінше, студенттер мен мектеп түлектерін де жұмыспен қамту қарастырылған. 29 жасқа дейінгі жастарды жастар тәжірибесіне жіберу арқылы 30 айлық көрсеткішпен 102мың теңгені құрайтын тәжірибелік жұмысқа орналастыратынын жеткізді.
Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова 2021 жылы жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу мен жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлы жүйесін құруды басты мақсат екенін атап өтті.
Венера Жоламанқызы
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері
-
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді
-
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді
-
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді
-
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады
-
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды
-
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары
-
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды
-
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі

