• Басты
  • Алматыда 2837 үй залалсыздандырылды
12 Мамыр, 2020 12:26

Алматыда 2837 үй залалсыздандырылды

Кіреберістер мен аулалар бойынша 2020 жылдың 11 мамырында жоспарланған 7922 кіреберіс (2837 үйде) және 1311 аула аумағы 100%-ға залалсыздандырылды, деп хабарлады Strategy2050.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып.



Алматыда 2837 үй залалсыздандырылды

Дезинфекция жұмыстарына 465 адам тұратын 65 бригада жұмылдырылды.

12 мамырға жоспар бойынша 8264 кіреберіс (2984 үйде) пен 1426 аула залалсыздандырылды.Жұмысқа 454 адамы бар 64 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 11 мамырда 4 904 мың шаршы метр көше және 535 мың шаршы метр тротуар, 223 контейнерлік алаң және 1 078 контейнер өңделді. Оған 85 дезинфектор тартылды.

Көшелер мен тротуарларды, көше жәшіктерін, орындықтарды, аялдамаларды, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін жуу және дезинфекциялау үшін:

- 153 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 75 бірлік);

- 975 жол жұмысшысы (оның ішінде 124 дезинфектор).

540 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 15 364 мың литр).

Сонымен қатар 1012 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1150 тоннаны құрады.

12 мамыр күні жоспарлы жұмыстар:

- 160 бірлік арнайы техника (оның ішінде 82 бірлік дезинфекцияға);

- 960 жол жұмысшысы (оның ішінде 125 дезинфектор).

Контейнерлік алаңдарды өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Барлық жаңалықтар
3.216.79.60, 192.168.88.100