• Басты
  • Алматы жолдарын салу кезінде ЖЭО-2 қалдықтары пайдаланылады
3 Наурыз, 2020 11:11

Алматы жолдарын салу кезінде ЖЭО-2 қалдықтары пайдаланылады

Алматы қаласының экология департаменті мен ҚазжолҒЗИ өкілдері ЖЭО жұмысы нәтижесінде пайда болатын күл-қож қоспаларын қайта пайдалану мүмкіндігін талқылады. 
Алматы жолдарын салу кезінде ЖЭО-2 қалдықтары пайдаланылады

Жылу энергетикалық кешенінің қалдықтары – өнеркәсіптің түрлі салаларында, сондай-ақ, жолдарды салу кезінде қолданылатын әмбебап материал. Топырақты бекемдеу кезінде тұтқырлағыш компонент ретінде пайдаланылатын күл цементті 20% үнемдеуге көмектеседі. Мәселен, Қазақстанда 5 жыл ішінде жолдарды салу кезінде өнеркәсіптік қалдықтардың шамамен 8 млн тоннасы пайдаланылған. 

Батыс Еуропада ЖЭО қалдықтарын жол құрылысында қолдану проблемасын шешуде анағұрлым прогрессивті жұмыс атқарылуда. Францияда осы қалдықтарды «құрғақтай» бөлу арқылы пайдаланса, АҚШ-та ұшпа күл мен гидрожою күлі құрылыста қолданылады. Оңтүстік Африкада ұшпа күл түрлі цемент түрлерімен күшейтіліп, жол құрылысына арналған топырақты тұрақтандырғыш ретінде кәдеге жаратылады екен.

Алматылық экологтар мен жолшылар күл-қож қалдықтарын қайта пайдалану мүмкіндіктері, зертханалық сынамалар мен жол салу кезінде қоспаның тиісті құрамын таңдаудың қажеттігі тақырыптарын талқылады. Жоба күл үйінділерінің көлемін азайтып, аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етпек.    

Еске салайық, алдағы 5 жылда республикалық маңызы бар жолдарды салу және қайта жаңарту кезінде өндірістік қалдықтардың 5,3 млн тоннасы пайдалынылады деп жоспарлануда. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды