• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері

Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері

30 Шілде, 2021 12:01

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев ауданның салық түсімдері, инвестиция, тауар айналымы, бiлiм, тұpғын үй саласында атқаpылып жатқан жұмыстаp мен әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Салық түсімдері

Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев 2021 жылдың 6 айында аудан бойынша бюджетке салық түсімдерімен таныстырды. Оның дерегінше, салық үлесі 308 394 млн теңгені құраған.

Сондай-ақ, Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев 2021 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 54,1 млрд теңгені құрағанын атап өтті.

«Нақты көлем индексі-106,2%-ды, қалалық көлемдегі өндіріс үлесі-8%-ды құрады», - дедi Әсет Масабаев.

Инвестиция

Оның мәліметінше, инвестициялар көлемі шамамен 64,6 млрд теңгені құраған. Соның ішінде, калалық көлемде ауданның инвестициясын игеру үлесі14%-ды құрайтынын айтып өтті.

Тауар айналымы

Медеу ауданының әкімі өз сөзінде қаңтар-маусым айларында бөлшек тауар айналымының көлемі 239,3 млрд теңгені құрағанын тілге тиек етті. Оның сөзінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111%-ды құрайды. Сонымен қатар, бөлшек тауар айналымындағы ауданның үлесі-14,1%.

Ал, көтерме сауда тауар айналымы – 1 362,3 млрд.теңгені құраған. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңінде 95,1% болған. Сонымен қатар, ауданның көтерме тауар айналымдағы үлесі-29%.

«2021 жылдың 6 айында 126 265 тұрғын үй пайдалануға берілді, тұрғын үй ғимараттарының ауданы – 161 648 шаршы метр», - дедi Әсет Масабаев.

Жөндеу жұмыстары

Медеу ауданының әкімінің дерегінше, қалалық басқармалар желісі бойынша Алматы өзенінің жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жұмыстары аяқталған. Ол Республика сарайынан Гоголь көшесіне дейін жалғасады. Сондай-ақ, аудан басшысы Есентай өзенінің жағалауын қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, Тиксай өзенінің арнасын қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау 2022 жылға жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар, Жасыл экономика басқармасы оқушылар сарайы мен мемлекеттік музейдің іргелес аумағын абаттандыруды жоспарлап отыр. ЖСҚ әзірленді, сараптаманың болжамды шығуы тамыз айы деп белгіленді», - дедi Әсет Масабаев.

Жол-көлік инфрақұрылымы

Алматы қаласының Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев қалалық мобильділік басқармасымен 2021 жылға ұзындығы 58,5 км жол төсемін орташа жөндеу бойынша 49 көше бекітілгенін атап өтті. Оның дерегінше, 27 көше бойынша жөндеу жұмыстары аяқталған. Ұзындығы – 25,4 км.

Сондай-ақ, ол "Жол" ЖШС мердігерлік ұйымымен шағын аудандағы жолдарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстары жүргізіліп жатырғанын жеткізді. Соның ішінде, Думан 53 көше бойынша ұзындығы 27,4 км жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 33 көше бойынша жұмыстар аяқталған.

Сонымен қатар, Достық даңғылынан Омарова көшесі бойынша жаяу жүргіншілер аймағында ағымдағы жөндеу жұмыстары басталғанын да атап өтті.

«Бюджетке қатысу» бадарламасы

Алматы қаласының Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаевтың мәлімедеуінше, ағымдағы жылы "Бюджетке қатысу" бағдарламасы аясында төмендегідей жобалар жоспарланған атап өтті.

6 лотты контейнер платформасының мекенжайы:

         1. - Назарбаев даңғылы, 176,264. Достық даңғылы, 95, 109, 111

          2. - ш.а. Самал-1, ш. а. Самал-3

          3. - ш.а. Самал-2

          4. - Елебеков к-сі, 29, Абдуллиндер к-сі, 49

          5. - 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ

          6. - Нүсіпбеков к-сі, 19, Пушкин к-сі, 3

Оның айтуынша, Мақатаев пен Мәметова көшелерінің арасындағы Төлебаев көшесінің жаяу жүргіншілер аймағын ағымдағы жөндеу жұмыстары 80%-ға аяқталған. Сонымен қоса, Абылғазы өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі мен пандустары бар баспалдақтарды ағымдағы жөндеу жұмыстары 80% - ға аяқталған. Ибрагимов ықшам ауданы бойынша серуендеу аймағын ағымдағы жөндеу жұмыстарының 70%-ы аяқталған. Сонымен қатар, Шоқай көшесіндегі тротуардың ағымдағы жөндеу жұмыстары 40% - ға аяқталған.

Көшені жарықтандыру

Әсет Масабаевтың айтуынша, ауданда көше жарықтандыру желілерін жөндеу, қызмет көрсету және қалпына келтіру жұмыстарын "Алматы Қала Жарық" МКК жүргізіп жатыр екен. Соның ішінде 17 918 жарық нүктелеріне қызмет көрсету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Аталған желінің ұзындығы - 457,6 км құрайды.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша "Шетсіз қала" қағидаты аясында аудан бойынша 273 көше МЖӘ жобасы шеңберінде сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысына енгізілген.

Абаттандыру

Әсет Масабаевтың мәліметінше, Медеу ауданында 784 көппәтерлі тұрғын үй және 536 аула бар екен. Маусым айында 264 млн теңге сомасына 60 аула аумағын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар басталған. Бүгінгі таңда келесі жұмыстар жүргізілді:

- Резеңке төсеу-26 аулада;

– 46 аулаға жарық орнату;

- МАФ-ов – 26 ауланы сырлау.

Жұмыстарды аяқтау мерзімі а. ж. тамыз айының соңы

Қасбетті (фасад) жөндеу

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің айтуынша, «КазИнтелГрупп» ЖШС мердігерлік ұйымымен Әл-Фараби даңғылының бойындағы Самал-2 ауданында 22 қасбетті жөндеу жұмыстары басталған.

№17 үйде сырлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде, №18,19,20,21,29 үйлерде сылау, жіктерді сылау, кондиционерлерді демонтаждау бойынша дайындық жұмыстары басталған. Ал жұмыстың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қазан айына дейін жалғасады.

«Нұрлы жер» бағдарламаы

Оның дерегінше, 2021-2025 жылдар аралығында 11 үй бойынша құжаттар "Алматы Тұрғын Үй" ЖШС-не 165 781 млн теңге сомасында тапсырылған. Сондай-ақ, 2 үйде (Қонаев №121, Төлебаев №162) 5 лифтіні ауыстыру жұмыстары аяқталған.

«Ал 9 үйде күрделі жөндеу жұмыстары Гоголь №42, Төлебаев №94/53, Қонаев 162, Әлімжанов 3, Төлебаев 149, Жібек Жолы 60, Оспанов 69, Ибрагимов 20 қаржылық қаражаттың күтілуіне байланысты басталған жоқ», - дедi Әсет Масабаев.

Төтенше жағдайды жою

Әсет Масабаевтың айтуынша, табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою үшін 2 учаске бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінген. Соның бірі – «Шымбұлақ» МК-дағы автокөлік жолы. Ол қауіпті аймақта орналасқан.

Аудан басшысының сөзінше, қауіпті учаскенің ені төменгі жағынан – 155 метр, жоғарғы жағынан – 25 метр, автожолдан ойпатқа дейінгі авариялық учаскенің ұзындығы – 110 метрді құрайды. Ал, Таиров көшесі бойындағы еңістің қазіргі жағдайы тұрақсыз күйде екенін жеткізді.

«Жер асты суларының жоғары деңгейі бар, бұл топырақтың қозғалғыштығына әкеледі. Осы жағдайдың салдарынан көшкін массивтерінің тұрғын үйлерге жиындары бірнеше рет тіркелді», - дедi Әсет Масабаев.

Сондай-ақ, ол тау баурайына қарай 72 жеке тұрғын үйдің орналасу тығыздығына байланысты көшкін жағдайының одан әрі бұзылу қаупі туындайтынын айтып өтті.

Білім саласы

Алматы қаласының Медеу ауданында барлығы 28 мемлекеттік мектеп бар және онда 29 102 оқушы білім алады. Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаевтың айтуынша, оқушы орындарының тапшылығы 4561-ді құрайды.

«Алатау мөлтек ауданында спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоспарда әмбебап зал, яғни 5 жолақты бассейн, балалар бассейні, спортзал, теннис үстелдері және тағы басқалары қарастырылған. Аяқталу мерзімі - 2022 жылдың қаңтары», - дедi Әсет Масабаев.

Мектепке дейін білім

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі Әсет Масабаевтың дерегінше, ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісінде 18 күндізгі және 63 жеке балабақша және 23 шағын орталық бар екен. Ал оқушылардың жалпы саны - 7 833 баланы құрайды.

Сонымен қатар, биыл жеке инвесторлар есебінен жалпы жобалық қуаты 300 орындық 6 балабақша ашылған.

Әлеуметтік сала

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев атаулы әлеуметтік көмекті 464 отбасына 2311 адамға 107 003 533 теңге сомасында көмек көрсетілетінін жеткізді. Олардың ішінен көп балалы отбасынан 1679 адамға, 262 ерекше қажеттіліктері бар адамдарға және 370 адам зейнеткерлер, табысы аз адамдарға қолдау көрсетілуде.

Оның дерегінше, Медеу ауданында 27 532 зейнеткер, 3628 мүгедек, 2516 көп балалы ана, 721 мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы бар.

Сондай-ақ, 6 ай ішінде қалалық және республикалық бюджет қаражаты есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарына 150 637 866 теңге сомасына 3026 қызмет көрсетілген. Ал демеушілік қаражат есебінен барлығы 4596 көмек түрі көрсетілген. Олар азық – түлік себеті түрінде-292, киім түрінде – 4300, мүгедектерге арналған кресло-арбалар түрінде - 2, есту аппараты-2 қамтамасыз етілген.

Жұмысқа орналастыру

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев түрлі бағдарламалар арқылы 1900 адам жұмысқа орналастырылғанын атап өтті. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 106 жұмыс орнына 114 адам жұмысқа орналастырылды, бұл 107,5%-ды құрайды.

Сонымен қатар, жастар практикасына жоспарланған 88 жұмыс орнына 114 адам жұмысқа орналасқан. Қоғамдық жұмыстарға жоспар бойынша 660 жұмыс орны болса, 697 адам жұмысқа орналастырылған.Тұрақты жұмысқа жоспар бойынша 1073 жұмыс орны болса, 851 адам жұмысқа орналасқан.

«Қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жоспар бойынша 110 орын, жалпы 68 адам оқыды, бұл 61,8% құрайды», - дедi Әсет Масабаев.

Денсаулық сақтау

Медеу ауданында барлығы 37 денсаулық сақтау нысаны бар."Шетсіз қала-Шекарасыз медицина" жобасы аясында ауданда 5 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді:

1. ш / а дәрігерлік амбулатория "Думан",

2. ш / а фельдшерлік-акушерлік пункт. "Сұлусай",

3. ш / а фельдшерлік-акушерлік пункт. "Кенсай",

4. ш / а фельдшерлік-акушерлік пункт. "Көлсай",

5. ш / а фельдшерлік-акушерлік пункт. "Каменское плато".

Оның айтуынша, шағын ауданда жаңа дәрігерлік амбулатория ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Барлық жаңалықтар