• Басты
  • Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 50-ге жуық азаматты қабылдады
18 Ақпан, 2020 10:47

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 50-ге жуық азаматты қабылдады

Алматы облысының басшысы Амандық Баталов 48 азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлады аймақ әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 50-ге жуық азаматты қабылдады

"Облыс басшысының алдына кірген азаматтардың басым бөлігі, яғни 19-ы тұрғын үй алу, үйлерін құжаттандыру туралы мәселе көтерсе, сол сияқты бірқатары медициналық көмек алуға қолдау көрсету, жол жөндеу, жер учаскесін алу, көп балалы отбасы балаларына облыс әкімінің білім грантын беру, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмдерін түсіндіру, түрлі бағыттағы оңалту орталықтарын ашудың мүмкіндіктерін қарастыру, жұмысқа орналастыру секілді мәселелерді қозғады", делінген баспасөз хабарламасында.

Қабылдауға алғашқылардың бірі болып кірген Диана Айдарханова Талдықорған қаласында көзінде ақауы бар балаларға арналған оңалту орталығын ашу туралы ұсынысымен бұған дейін де келген болатын. Сол ұсыныстың негізінде Талдықорғанда салынатын оңалту орталығының ішінен  көз ақауы бар балаларға арналған оңалту орталығы бөлімін ашу туралы шешім қабылданған. Қазір оңалту орталығының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Дегенмен А.Айдарханова ол орталықтың салынуын күтсе, балалар біраз уақыт жоғалтып алатындықтан, көзді оңалтуға арналған орталықты дайын нысандардың біріне орналастыру жағын қарастырса деген ұсынысын айтты. Облыс әкімі тиісті сала басшыларына қаладағы жаңадан салынып жатқан көп қабатты үйлердің бірінші қабатынан лайықты орын қарастыру туралы тапсырма берді.

Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылы тұрғындарының атынан келген бастамашыл топ ауылды көркейту, әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу мен оларды салу, соның ішінде мектеп, балабақша, орталық саябақ, мәдениет үйінің мәселелері көтерілді. Бұл ретте облыс әкімі өзінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың бастауымен аталған ауылға комиссиялы түрде жұмыс тобының арнайы шығуын, ауылдың жағдайын бағамдап, қажеттілігіне қарай «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына енгізу қажеттігін айтты.

Келушілердің бірі Әлия Әбсеметова күйеуі Біржан Кәрібаев екеуі Жамбыл ауданында Кәрібаевтар отбасының отбасылық үлгідегі балалар үйінде 7 балаға қамқоршылық жасап отыр. Ол облыс әкімінен балаларды тасымалдауға көлік алуға көмек сұрады. Амандық Баталов осы отбасына шағын автобус алып беру, көп балалы ана Әлия Әбсеметованы өз сұрауы бойынша жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Сол сияқты Талдықорған қаласындағы коттеджді қалашықтың тұрғындары тұрғын үйдің келісімшартын дайындау мерзімін жылдамдатуды сұрады. Себебі коммуналдық төлемдерді төлеуге келісімшарттың қолдарында болмауы кедергі келтіріп отыр. Амандық Баталов қала әкіміне аталған келімшартты дайындап, тұрғындардың қолдарына ұстату үшін үш күн уақыт берді.

Қабылдауға Талғар ауданындағы «Барон Фуд» ЖШС директоры Сергей Калинин де келді. Ол серіктестік пен тағы да 5 шаруашылықты негізгі трассамен жалғайтын 7-8 шақырымдық жолды жөндеп беруді сұрады. Серіктес негізінен етті мал шаруашылығымен айналысады. Онда қой мен құс және шошқа еті өндіріледі. Балық тәлімбағы мен құрама жем зауыты да бар. «Жол жөнделсе, осы шаруашылықтардың жұмыстарын одан әрі жетілдіруге көп септігін тигізер еді», - деді ол.

Өз кезегінде Амандық Баталов облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаевқа аталған жолды арнайы барып көріп, жоспарға енгізіп, жөндеп беруді тапсырды.

Сол сияқты тұрғындар арасында ауыл шаруашылығымен айналысу мақсатында жер учаскесін бөлуді сұрағандар да болды. Сонымен қатар «Бақытты отбасы», «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысудың мүмкіндіктері туралы да білгісі келген азаматтарға мәліметтер кеңінен түсіндірілді. Және азаматтардың тұрғын үй үшін тұрған кезек реті мен кезегіне қарай үй алу мүмкіндігінің шамамен қашан келетіні де айтылды.  

Барлық сұрақтарға облыс әкімі толыққанды жауап беріп, мәселелерді шешуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

Қабылдаудан кейін Талдықорған қаласындағы орталық базардың маңында, көше жолдарының жиегінде заңсыз сауда жасаған топтың пікірлерін тыңдап, әңгімелесті. Амандық Баталов олардың бәріне кәсіпкерлікпен заңды түрде айналысуларына барлық жағдай жасалатынын айтты. Ол үшін олардың әрқайсысы мемлекеттік кіріс органдарынан тіркеуден өтуі тиіс. Қазір Гаухар ана мен Абай көшелерінің қиылысында заманауи базар салу жұмыстары жүріп жатыр. А. Баталов қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымовқа барлық құрылыс жұмыстарын екі айдың ішінде аяқтауды тапсырды. Базар барлық қажетті талаптарға сәйкес жасалуы керек. Базар салынып біткенге дейін осы саудагерлер үшін қалалық әкімдік тарапынан біркелкі шатыр қойылып, уақытша сауда жасайтын орын белгіленіп берілетін болады.

"Заңсыз сауда жасауға жол берілмейді. Дегенмен біз жаңа базар салынып біткенге дейін жұмыссыз қалмас үшін сіздерге уақытша мүмкіндіктер жасап отырмыз", - деді А. Баталов. Кездесуге келген тарап бұл ұсыныспен келісіп, бұдан былайғы жоспарды қала әкімімен егжей-тегжейлі талқылады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды