- Басты
- Алматы облысының ІІМ ардагерлері ұлан сарбаздарымен кездесті
Алматы облысының ІІМ ардагерлері ұлан сарбаздарымен кездесті
Талдықорған қаласындағы Ұлттық Ұлан гвардиясының базасында «Ұлы дала ұландары» семинары ұйымдастырылды,деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Әскери бөлімінің жеке құрамы алдында баяндама жасаған Алматы облысы Ішкі істер және ішкі әскерлер ардагерлер кеңесінің мүшесі Болат Молдабеков «Бейбіт күннің батырлары» тақырыбын кеңінен ашып көрсетті. Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Айтмұхамбет Ерасылов пен әскери бөлімшенің командирі Төлеби Чубаев жастармен кездесуде белсенді қатысып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Шара мақсаты – жас жауынгерлердің патриоттық сезімін шыңдау, Отанымызға адал қызмет ету.
Халық батыры Бауыржан Момышұлы «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген. Бейбіт күнде батыр атану үшін үлкен ерлікке бару міндет емес, тек адамгершілік пен антқа адалдық болса жететіні түсіндірілді. Ол туралы айтқан І. Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университетінің 2-курс студенті Бақытбай Арман өз оқиғасын айтты. Ол биыл 6 наурызда екі бүлдіршінді өрттен құтқарған.
“Үйге қайтар жолда ауладағы көпқабатты үйдің 2-қабатынан көмек сұраған бала дауысын естідім. Екінші қабатқа газ жүретін трубамен көтеріліп өрт болып жатқан жерден екі кішкентай қызды алып шықтым”,- деді жас батыр.
-
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті
-
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады
-
ІІМ басшысы қызметте көзге түскен полицейлерді марапаттады
-
Алматыдағы эпиджағдай: Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар, 3 көпсалалы клиника салынбақ
-
Жамбыл облысының дамуы: Фармацевтика, жұмыспен қамту мәселесі және коронавируспен күрес шаралары
-
Қостанай облысының дамуы: экономиалық даму, ауыл шаруашылығы, жолдардың құрылысы, тұрғын үй мәселелері
-
Маңғыстау облысының дамуы: экономикалық көрсеткіштер, ауыз су мәселесі, туризм әлеуеті
-
Қызылорда облысының дамуы: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, тұрғын үй, су қоймаларын салу мәселелері
-
Ұлан Әбішев: «Рухани жаңғыру» аясында ірі істер атқарылып жатыр
-
Биыл Алматыға келетін туристердің саны азайды
-
Түркістан облысының дамуы: Түркістан қаласының салынуы, Мақтааралдың қалпына келтірілуі
-
Атырау облысының әкімі өңірдегі төрт басты проблеманы атады
-
Биыл Алматыда медициналық кадрларды даярлауға қаржы көбірек бөлінді
-
Алматыда балаларға тегін қосымша білім беруге көңіл бөлінбек
-
Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр

