- Басты
- Алматы облысында жаңа Күн электр станциясы пайда болды
Алматы облысында жаңа Күн электр станциясы пайда болды
Алматы облысында қуаты 0,4 МВт күн электр станциясының (КЭС) құрылысы аяқталды. Станция «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілеріне қосылған, таяу арада «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ға электр энергиясын босатуды бастайды, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Жобаны «Samruk-Green Energy» ЖШС – қазақстандық электр энергетикалық холдинг «Самұрық-Энергоның» құрамындағы компания іске асырды.
Станцияның құрылысы 2019 жылғы мамырда басталды. Жоба Қапшағай қаласында жұмыс істеп тұрған, қуаты 2 МВт күн электр станциясы инфрақұрылымының базасында жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, 2 МВт КЭС 2013 жылғы желтоқсанда пайдалануға беріліп, сол кезде Қазақстан Республикасындағы өндірістік ауқымдағы алғашқы күн электр станциясы болатын. 2 МВт КЭС Еуропада жасалған 7995 фотоэлектрлі модульден тұрады. Станцияның ерекшелігі – мұнда трекерлік (күннің бағыты бойынша қозғалатын) қондырғылар пайдаланылады. Іске қосылғалы бері 2 МВт КЭС 16 млн. кВт*сағ. электр энергиясын өндірді.
Жаңа станцияны салған кезде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, қазақстандық компания «Astana Solar» ЖШС Қазақстан кремнийі негізінде жасап шығарған фотоэлектрлі модульдер пайдаланылды.
0,4 МВт КЭС-те әрқайсысының қуаты 245 Вт болатын, поликристалл типтегі 1694 фотоэлектрлі модуль орнатылған. Фотоэлектрлі модульдер еңкею бұрышы 30 градус етіп бекітілген темір құрылғыларға орнатылған. Тұрақты токты ауыспалы токқа айналдыру Германияда жасалған, әрқайсысының қуаты 75 кВт болатын 6 инвертордің көмегімен іске асырылады. «Samruk-Green Energy» ЖШС-нің мамандары атап өткендей, ЖЭК-тің жаңа нысаны Қазақстанда «таза» электр энергиясын өндірудің көлемін арттыруға және жаңартылатын энергия көздерін дамытуға өз үлесін қосады.
Қазақстандық аса ірі электр энергетикалық холдингі қазіргі уақытта Қазақстанның энергияға тапшы оңтүстік өңірінде ЖЭК-тің кезекті нысанын құруда. Бұл жерде сөз «Келешекте 300 МВт-ға дейін кеңейте отырып, Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу» жобасы туралы болып отыр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның электр энергиясын өндіру нарығындағы үлесі шамамен 30%-ті құрады.
Айта кетейік, «Samruk-Green Energy» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ-тың жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобалдарын іске асыру мақсатында 2012 жылғы 25 қаңтарда құрылған еншілес ұйымы болып табылады.
-
Алматы облысында қаруды сақтау тәртібін бұзудың 400-ге жуық дерегі анықталды
«Учаске» республикалық жедел алдын алу іс шарасы барысында Алматы облысының полицейлері қаруды тіркеу және оны сақтау ережесін бұзған 385 тұлғаны анықтады.
04 Желтоқсан 2019, 11:42
-
Қазақстан мен Польша арасында жаңа әуе рейстері ашылады
Қазақстандық делегация Польшаның авиациялық билігімен келіссөздер жүргізді.
04 Желтоқсан 2019, 10:30
-
Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жаңа оқу жылының басталуына орай жеке құрамның салтанатты сапқа тұруы өтті. Жаңа кезең «Қуатты армия - Ел тірегі!» ұранымен басталды.
04 Желтоқсан 2019, 09:13
-
Фермерлерге субсидия бойынша барлық қарыздар төленетін болды
ҚР Үкіметі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер алдында өз міндеттемелерін орындауда. Осы уақытқа дейін жылдан жылға ауысып мал шаруашылығы және инвестициялық субсидиялар бойынша жиналып қалған қосымша қажетті қаржы толық көлемде төленетін болды.
03 Желтоқсан 2019, 18:07
-
Алматы облысының полицейі үздік атанды
Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың жүлдесі үшін өткен қоянқолтық ұрысынан V халықаралық «Елбасы кубогында» Жетісу жерінің намысын қорғаған Алматы облысы ПД Ескелді ауданы полициясының криминалисі полиция лейтенанты Сейтмұрат Әнел қола медальді еншіледі, деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
03 Желтоқсан 2019, 16:49
-
Қостанай облысында 24 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қостанай облысында 24 561 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 16 305 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13 287-сі немесе 81,5% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
03 Желтоқсан 2019, 13:30
-
Өскемендіктер пәтерге ие болды
Өскеменде ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында кезекте тұрғандарға жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты тапсыру рәсімі өтті.
03 Желтоқсан 2019, 10:23
-
Алматы "Doing Business" рейтингі бойынша өңірлер арасында бірінші орынды иеленді
Алматы қаласы "Doing Business" рейтингі бойынша өңірлер арасында бірінші орында тұр. Бұл туралы Алматы қаласының биылғы он айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қараша 2019, 13:30
-
Елорда әуежайында Тұңғыш Президент күніне орай өтпелі галерея ашылды
Ел астанасындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Тұңғыш Президент күніне орай өтпелі галереяның ашылуы болды, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қараша 2019, 11:42
-
Солтүстік Қазақстан облысында экспорт көлемі 15,4 пайызға артты
2019 жылдың он айының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында экспорт көлемі 15,4 пайызға артқан. Бұл туралы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде обыс әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 17:14
-
Қарағанды облысында 43 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында 43 853 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 33 901 адам жұмысқа орналастырылса, оның 30 621-і немесе 90% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
27 Қараша 2019, 09:50
-
Елордада Тұңғыш Президент күніне орай кино апталығы басталды
Елордада ҚР Тұңғыш Президент күніне орай кино апталығы өтіп жатыр. Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар онкүндігінің аясында Елбасы кітапханасында кино апталығының тұсауы кесілді. Шараның ашылуында басты қонақ Елбасы рөлін сомадаған актер, әнші, Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжанов болды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
26 Қараша 2019, 18:13
-
ҚР Тұңғыш Президенті күні: 2-бөлім. Металлургтер қаласындағы тұлғаның қалыптасуы
ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Strategy2050.kz АА Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайында бірқатар материалдар легін әзірледі. 28 жыл бойы Қазақстан Президенті болған Н.Назарбаев 2019 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы» № 887 Жарлыққа сәйкес, 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатты. Шолуымыздың екінші бөлімі Елбасының кәсіби қызметіне арналады.
26 Қараша 2019, 09:23
-
«Қазақфильмнің» фильмдері Испанияда өткен фестивальде жүлделерге ие болды
Алматыдағы Bekmambetov Cinema кинотеатрында өткен «Қыз бен теңіз» әлеуметтік фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесерінде «Қазақфильм» киностудиясының президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов Испанияның Барселона қаласында өткен Asian Film Festival кинофестивалінде отандық туынды «Үздік фильм» жүлдесімен марапатталғанын мәлімдеді.
25 Қараша 2019, 12:27
-
ҚР Тұңғыш Президент күні: 1-бөлім. Жастық шағы (Шолу)
ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Strategy2050.kz АА Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайында бірқатар материалдар легін әзірледі. 28 жыл бойы Тәуелсіз Қазақстан Президенті болған Н.Назарбаев 2019 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы» № 887 Жарлыққа сәйкес, 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатты. Шолуымыздың алғашқы бөлімін Елбасының жастық шағына арнадық.
25 Қараша 2019, 10:00
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды