• Басты
  • Алматы облысында “Тергеу болашағы” клубы құрылды
26 Желтоқсан, 2019 15:13

Алматы облысында “Тергеу болашағы” клубы құрылды


Алматы облысының Полиция департаменті Талдықорған қаласындағы                  І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен және академик         Ө. Жолдасбеков атындағы құқық және экономика академиясымен өзара байланысты нығайту және серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды,деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
 Алматы облысында “Тергеу болашағы” клубы  құрылды

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, меморандумның негізгі мақсаты – оқу ордасындағы теориялық білімді іс-тәжірибемен ұштастыру, ынта білдірген студенттерге құқық қорғау органдарында тәжірибеден өтіп, талабын шыңдауға мүмкіндік жасау.

«Жоғары оқу орындарымен бұған дейін де өте тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасағанбыз. Тәжірибелі мамандарымыз практикалық тұрғыда үнемі ақыл-кеңестерін береді. Өйткені, біздің мақсатымыз – ортақ. Оқу орнын бітірген білімді, тәжірибелі заңгер мамандар көп жағдайда құқық қорғау органдарына келеді. Сондықтан, біз қолдан келгенше қолдау көрсетіп, еліміздің болашағы үшін ерінбей еңбек ететін патриот мамандарды дайындауға атсалысатын боламыз»,- деп атап өтті облыстық ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Чарапиев.

Сондай-ақ, Меморандум аясында оқу орындарында «Тергеу болашағы» клубы құрылды. Үздік студенттер қабылданатын клуб мүшелеріне құқық қорғаушылар тәжірибелік қолдау көрсетіп, кәсіби біліктіліктерімен бөліседі. Осы клубқа мүше болған болашақ мамандарға тергеу ісінің қыр-сыры үйретіліп, тәжірибелі тергеушілердің жетекшілігімен олар қылмыстық істі тергеу жұмыстарымен танысады. Яғни, облыстық полицейлер клуб мүшелерінің қатарынан білікті тергеушілерді дайындап шығарады. 

«Бүгінгі меморандум студенттерге көп мүмкіндік береді деп ойлаймын. Бүгін полицейлер құқық қорғау органдарына қабылдану тәртібін түсіндірді. «Тергеу болашағы» клубына мүше болып, кәсіби білімімді шыңдаймын. Диплом алған соң тәртіп сақшысы атанғым келеді. Бірнеше спорт түрінен жетістіктерім бар, үш тілді еркін меңгердім. Енді ел игілігі үшін қызмет етемін»,- деді І. Жансүров атындағы ЖМУ студенті Маржан Сұраубекова.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің басшылығы облыстық полиция өкілдеріне арнайы жабдықталған криминалистика аудиторияларын таныстырып, одан әрі жабдықтау бойынша жоспарларымен бөлісті. Заманауи жабдықталған аудитория мен көрнекі құралдар қонақтар тарапынан жоғары бағаға ие болды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды