• Басты
  • Алматы облысында соңғы 5 жылда туристер саны 2 млн асты
22 Маусым, 2020 11:28

Алматы облысында соңғы 5 жылда туристер саны 2 млн асты

Алматы облысында соңғы 5 жылда туристер саны екі есе өсіп, 2 млн 227 мың адамды құрады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысында соңғы 5 жылда туристер саны  2 млн асты

Облыстық туризм басқармасының мәліметінше, 2019 жылдың қорытындысы бойынша облыста туристер қабылдайтын 781 нысан жұмыс істейді. Олар 2272,3 мың адамға қызмет көрсеткен, 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім – 18,7%, ақылы туристік-сауықтыру қызметінің көлемі 15,9 млрд. теңгені құрап,  23,3% ұлғайтылған. 

Туристік нысандарға келсек, соңғы 5 жылда облыста жалпы сомасы 40,1 млрд. теңгеге 196 туристік жаңа нысан іске қосылды, соның ішінде 2019 жылы облыс картасында сомасы 19,3 млрд. теңге жеке инвестиция есебінен 48 жңа орналастыру орындары пайда болды. Сол сияқты биылғы жылы облыста 4,2 млрд. теңгеге 27 туристік нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған.  2020 жылдың 1-ші тоқсанында Алакөл ауданында сомасы 110 млн. теңгеге 3 нысан іске қосылды.

34141623_2100917999938117_204747705249955840_n.jpg

Тау кластері аумағында Талғар ауданындағы жұмыс істеп тұрған «Ойқарағай - Апорт» (1-кезең) және «Ақбұлақ» және Еңбекшіқазақ ауданындағы жаңа  «Түрген» (1-кезең) тау курорттарын,  кеңейтуді жүзеге асыруға қатысты,  сол сияқты Райымбек ауданында жалпы құны 542,7 млрд. теңге болатын жеке инвестицияға ашылған «Park Canyon» ойын-сауық кешеніне қатысты ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Сонымен бірге Алакөл көлінің жағалауында сомасы 4 млрд. теңгеге жазғы амфитеатры бар «Alakol Apartments» коттеджді қалашық жобасын жүзеге асыру жоспарланған. 

ED2_0100.jpg

Сонымен қатар көрсетілетін қыземттің сапасын көтеру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гидтерге – экскурсоводтарға, орналастыру орындарының, музейлердің, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, туристік фирмалардың өкілдеріне арналған қызмет көрсету сапасын көтеру жөніндегі 18 курс пен оқыту семинарлары, сол сияқты әуежайлар, темір жол вокзалдары, шекара қызметтері мен полиция қызметкерлеріне арналған біліктілігін арттыру тренингтері ұйымдастырылып, өткізілді. 2019 жылы біліктілігін көтеру, сол қатарда цифрлық сауаттылығын арттыру курстарымен облыстағы туристік саланың 700-ден астам қызметкері қамтылды. 

Барлық жаңалықтар