• Басты
  • Алматы облысында құрылыс биыл да қарқынды жүреді
8 Сәуір, 2020 14:43

Алматы облысында құрылыс биыл да қарқынды жүреді

Алматы облысында биылғы жылы да құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Мәселен, осы жылы өңірде 938,8 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. Соның 136,0 мың ш. метрі немесе 1 714 пәтер, яғни 519 тұрғын үй бюджет есебінен салынады. Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 119 жобаны жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 41,6 млрд. теңге қарастырылды. Соның ішінде 30,2 млрд. теңге болатын 52 жоба тұрғын үй құрылысына, 11,4 млрд. теңгелік 67 жоба инженерлік инфрақұрылымға қатысты.



Алматы облысында құрылыс биыл да қарқынды жүреді

Сонымен қатар «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 977 жобаны жүзеге асыруға облысқа 109,2 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде 429-ы - әлеуметтік саланың жобалары. Сол сияқты 53-і - сумен қамту нысандарын қайта жаңғырту мен жөндеу, 84-і – абаттандыру, 220 елді мекенде 500 шақырым жол жөндеу жұмыстары, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, 2020 жылы республикалық бюджеттен жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 18,0 млрд. теңге (РБ-9,0 млрд. теңге, ЖБ-9,0 млрд. теңге) қарастырылған, оның ішінде 8,6 млрд. теңге (РБ - 5,6 млрд. теңге, ЖБ - 3,0 млрд. теңге) көп балалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысына бағытталады. Әлеуметтік осал топтарға 975 жалгерлік тұрғын үй  беріледі (377 үй), оның ішінде көп балалы отбасыларға 669 пәтер беру жоспарланып отыр. Жергілікті бюджеттен 50 пәтер сатып алынады, жалпы 719 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Несиелік тұрғын үй құрылысы бойынша жалпы алаңы 51,4 мың шаршы метр құрайтын 648 пәтерлі 51 тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда (5,7 млрд.тг).

Сонымен қатар, жалпы алаңы 9,0 мың ш. м. құрайтын 91 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (2 млрд.тг). Инженерлік - коммуникациялық желілер 6 264 жер телімдерінде жүргізілуде, оларға 483,6 шақырым желілер тартылатын болады.

Атап өтсек, биылғы жылы барлық бағыттар бойынша 135 отбасы тұрғын үй сатып алды, оның 71-і - көп балалы отбасы. 2019 жылы "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында 500 отбасы өз баспанасын алды (ҚР бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан кейінгі 2-ші көрсеткіш). Жыл басынан бері 69 пәтер сатып алынды, оның ішінде көп балалы отбасы саны – 30. Жалпы, 2020 жылы "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында 600 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі.

«Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес Алматы облысында тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылыс жұмыстары тоқтамай, тиісті жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі. Бұл өз кезегінде жұмыс орындарын құруға, өңір экономикасын дамытуға ықпал етпек. Бұл ретте коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылыс нысандарының барлық санитарлық-дезинфекциялық шараларды орындауы, шектеулерге байланысты жұмысшыларға тиісті жағдай жасалуы  облыс әкімінің бақылауында», - делінген облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.  

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды