• Басты
  • Алматы облысында полицейлер латын әліпбиінің мәселелерін талқылады
27 Қыркүйек, 2019 15:16

Алматы облысында полицейлер латын әліпбиінің мәселелерін талқылады

Облыстық Полиция департаментінің мәжіліс залында облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары тәртіп сақшыларына арнап латын емлесі бойынша семинар өткізді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Алматы облысында полицейлер латын әліпбиінің мәселелерін талқылады

Семинар барысында латын әліпбиінде қиындық тудыратын әріптер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Сонымен қатар, биыл латын курсын оқыту бойынша курстар ашылғандығы және аталған курсқа ынта білдірген қызметкерлер тегін қабылданатыны айтылды. 

«Қазіргі уақытта облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында 25 қызметкер латын емлесінің курсында дәріс алуда. Департамент басшылығы полицейлердің латын әліпбиін жоғары деңгейде меңгеруіне мүдделі. Осыған орай, осы мақсатта департаментте барлық жағдай жасалған»,- деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

 «Еліміздің 2025 жылы латын әліпбиіне толықтай көшірілуі жоспарланып отыр. Сондықтан, қазіргі уақытта көшу үшін дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қызметкерлер оқытылуда, семинар-кеңестер ұйымдастырылуда. Жаңа әліпбиді үйренем деушілер болса, біздің есігіміз әрдайым ашық»,- деді өз сөзінде «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Жанар Елесбаева.

   Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, латын графикасына негізделген 15 пернетақта берілген. Аталған пернатақтаны Полиция департаментінің 36 қызметкері сынақтан өткізді. 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды