• Басты
  • Алматы облысында құны 860 млн доллар болатын 13 меморандумға қол қойылды
19 Қараша, 2019 13:42

Алматы облысында құны 860 млн доллар болатын 13 меморандумға қол қойылды

Биыл Қазан айында өткен халықаралық инвестициялық "Jetisu Invest - 2019" форумында Алматы облысында құны 860 млн доллар болатын 13 меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Алматы облысының 2019 жылдың он айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз мәжісінде облыс басшысы Амандық Баталов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Алматы облысында құны 860 млн доллар болатын 13 меморандумға қол қойылды

Облыс басшысы президент Тоқаевтың тапсырмасымен облысқа инвестиция тарту, жаңа технология енгізу және жағымды инвестициялық климат қалыптастыру үшін бірақат шаралар жасалып жатқандығын атап өтті. 

"Тоқаев  жолдауында еліміздің негізгі даму бағыттарын айқындап берді. Ең алдымен бұл бес институционалдық реформа мен Ұлт жоспарын жүзеге асыру. Халықтың әл-ауқатын арттыру мен өмір сүру сапасын жақсарту үшін таңдалған бағытты жүзеге асыруда Алматы облысы белсенді жұмыс істеуде. Президент экономиканы тұрақты дамыту үшін инвестиция тарту керектігін, әрі жаңа технология енгізу қажеттігі туралы көп айтады. Сондықтан біз жағымды инвестициялық климат қалыптастыру үшін бірқатар шара қабылдап жатырмыз. Облыста іскерлік ортаны дамыту үшін  аймақтық орталық жұмыс істеп жатыр. Биыл Алматы және Талдықорған қаласында бір терезе қағидасымен қызмет атқаратын фронт-офистер ашылды", - деді өңір әкімі. 

Сондай-ақ облыс әкімі қазан айында Талдықорған қаласында өткен халықаралық инвестициялық "Jetisu Invest - 2019" форумына тоқталды. Форум барысында құны 860 млн доллар боатын 13 меморандумға қол қойылған. 

"Қазан айында халықаралық инвестициялық "Jetisu Invest - 2019" форумы өтті. Аталған форумға 9 мемлекеттің өкілдері, дипломаттары, кәсіпкерлер, және шетелдік, ұлттық компания басшылары қатысты. Бұл Алматы облысының инвестиция тартуға мүмкіндігі барын көрсетеді. Форум аясында құны 860 млн доллар болатын 13 меморандумға қол қойылды. Жалпы иннвестициялық портфель 4,9 трлн теңгені құрайтын 421 жобадан тұрады. Нәтижесінде 4000 жұмыс орны құрылды. Елдегі трансұлттық компаниялардың жүзеге асырып жатқан 19 жобасының 9-ы осы Алматы облысында іске асырылуда", - деді Амандық Баталов.

Сонымен қатар Баталовтың айтуынша, өңірде бірнеше завод іске қосылған. 

"Өткен жылы екі завод іске қосылды. Олар насос құрылғысын шығаратын "WILO" және жылдам даярланатын тағам өндіретін "Маревен Фуд" компаниялары. Онда 503 жұмыс орны құрылды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ресейдің "Лукойл" компаниясының жағармай өндіретін зауыты пайдалануға берілді. Ал жыл соңына дейін Біріккен Араб Әмірліктерінің "Феникс Фид Миллс" компаниясының құрама жем шығаратын зауытын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Мен өткен жылғы баспасөз мәжілісінде бұлар туралы айтып өттім. Көріп отырғандарыңыздай, барлығы іске қосылып, жұмыс істеп жатыр", - деп айтып өтті ол.

Сондай-ақ ол іске қосылған заводтар мен кәсіпорындардың арқасында облыста жаңа жұмыс орындары ашылғанын атап өтті. Сонымен қатар кейбірінің өнімдері сырт мемлекеттерге экпортталып жатыр. 

"Аталған компаниялар 59 млрд теңге инвестиция салып, 900 жаңа жұмыс орнынның құрылуына себеп болды. Осы компаниялардың 80 пайыз өнімі "Қазақстанда жасалған" брендпен әлем елдеріне экпортталып жатыр. Сонымен қатар сингапурлық компанияның қатысуымен осы желтоқсан айында "Алацем" цемент заводы іске қосылмақ. жылына 1-2 млн тонна цемент өндіреді деп жоспарлануда. Аталған жобаға салынған инвестиция көлемі 47 млрд теңге құрайды және 360 жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл облыстағы алғашқы цемент заводы болмақ және облыстың цементке деген қажеттілігін өтейді. Сондай-ақ өнімін Орталық Азия елдеріне, Қытай және Монғолия мемлекеттеріне экспорттайды", - деді облыс әкімі.

Бұдан басқа өңір басшысының сөзәне сүйенсек, Алматы облысында өнеркәсіп өсімінің көлемі он айда 104,5 % құраған.

"Алматы облысында өнеркәсіптің өсу қарқыны жеделдеп, 10 айда 104,5 процентті құрап отыр. Биыл  өндіріс көлемі 1 трлн теңгеге жетеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ айта кету керек, облыс үшін "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы өте маңызды. Аталған бағдарлама өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін толықтай ашуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні жалпы сомасы 89 млрд теңге болатын 111 жобаның ішінен банктер 10,3 млрд теңгеге 20 жобаны мақұлдады", - деді Амандық Баталов.

Бұдан бөлек облыс әкмінің айтуынша, Алматы облысында ағымдағы жылы еңбек өнімділігі 2 млн теңгеден асқан.  Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4 пайызға көп. 

"Алматы облысында еңбек өнімділігі биыл өткен жылға қарағанда 4 процент өсіммен 2 млн 150 мың теңгеге дейін, ал өңделген өнім экспортының көлемі - 5,5 процент өсіммен 85 млн  долларға дейін жетеді деп жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша облыстың үлесі 17 процентті құрап, республикада бірінші орында", - деді ол.

Сонымен қатар өңір әкімі атап өткендей, облыстағы ауыл шаруашылығы саласы да даму үстінде. 

"Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі жеті мың гектарға кеңейтіліп, 961 мың гектардан асты, оның 465 мың гектары – суармалы жер. Қант қызылшасының алқабы 14 мың гектарға, жүгері 82 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Өңір екінші жыл қатарынан өнеркәсіптік картоп шаруашылығын дамытумен айналысып келді. Биылғы жылы 290 тонна элиталық тұқымнан 17 мың тоннадан астам өзіміздің тұқымдық материал алынды. Бұл картоптың элиталық сорттарының егіс алқабын 600-ден 5 мың гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беред", - деді облыс әкімі.

Бұдан басқа облыс әкімі өңірде өткен мәдени шараларға тоқталды. 

"Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры бағдарламасының аясында Алтын орданың құрылуына 750 жылдығына арналған Орбұлақ шайқасын қайта жаңғырту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылды. Ұлы даланың мәңгілік мирасы "Манас" қазақ-қырғыз интелегенциясының үшінші форумы Талдықорған қаласында өткізілді. Жастар жылы асында 18 спортпен айналысуға арналған залдар мен ойын-сауық орталықтары өз жұмысын бастады. Жастарды ауылға тарту мақсатында жастар ресурстық орталықтарына 170 гектар жер бөлініп, ауыл шарушылығы дақылдары егілді. Түскен қаражатқа спорт инвентарь сатып алынды", - деді Амандық Баталов. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды