• Басты
  • Алматы облысында коммуналдық қызмет тарифтері төмендетілді
14 Сәуір, 2020 15:50

Алматы облысында коммуналдық қызмет тарифтері төмендетілді

Алматы облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылдың 23 наурызында коронавирус індетіне және дағдарысқа қарсы шаралардың жағдайы туралы жиналыста берген тапсырмаларына орай коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті тарапынан төмендетілген тарифтер 2020 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымға дейін қолданылмақ, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Алматы облысында коммуналдық қызмет тарифтері төмендетілді

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бағлан Тәнекеновтің айтуынша, төмендетілген таифтер мынадай мекемелерде енгізілді:

«Жетісу су құбыры» МКК: суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне Талдықорған қаласының тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін, 61,36 теңгеден 56,45 теңгеге және сарқынды суды бұру қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 65,29 теңгеден 60,08 теңгеге дейін немесе 8%-ға тариф төмендетілді;

«Талдықорғанжылусервис» МКК: жылумен жабдықтау қызметіне Талдықорған қаласының тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде 1 Гкал үшін 2 826,82 теңгеден 2 544,14 теңгеге дейін және ыстық сумен жабдықтау қызметіне 1м3 үшін 183,29 теңгеден 164,97 теңге дейін немесе 10%-ға тариф төмендетілді;

«Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ: Алматы облысының Алматы қаласы маңындағы аудандарының тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 24,39 теңгеден 24,11 теңгеге дейін немесе 1,14%-ға төмендетілді.

«Панфилов су құбыры» МКК: умен жабдықтау қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 68,36 теңгеден 61,53 теңгеге дейін немесе 10%-ға тариф төмендетілді;

1 сәуірден бастап уақытша өтемдік тариф аяқталатын субъектілер «Сарқан су қыбыры» (67,99 теңге 1м3 суға және 28,16 теңге 1м3 сарқынды суға) және «Текелі су құбыры» МКК (43,37 теңге 1м3 суға және 30,54 теңге 1м3 сарқынды суға), «халық» тұтынушылар топ тарифі бойынша, үш айға (30 маусымға) дейін Департаментпен белгіленген уақытша өтемдік тарифпен жұмыс атқарады.

Сонымен қатар, бұдан бұрын коммуналдық қызметтер көрсететін барлық субъектілерге төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде қалыптасқан берешектер бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тоқтатпау туралы басқарма тарапынан ұсыныс хат жолданды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды