• Басты
  • Алматы облысында карантиннің жеңілдетілген шаралары енгізіледі
29 Сәуір, 2020 13:08

Алматы облысында карантиннің жеңілдетілген шаралары енгізіледі

Алматы облысында Қазақстан Респбуликасы Президентінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды ұзарту және жеңілдетілген карантиндік шараларды енгізу туралы мәлімдемесіне сәйкес кезең-кезеңімен жеңілдетілген карантин шаралары енгізіледі. Осыған байланысты облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды  Strategy2050.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы облысында карантиннің жеңілдетілген шаралары енгізіледі

Қаулыда айтылғандай, карантиндік шараларды жеңілдету аясында сағат 05.00-20.00 аралығында растайтын құжаттары бар болған жағдайда бау-бақшаға, саяжайларға баратын азаматтарға, қоғамдық және жеке көліктерге салынған тыйым алынып тасталады. Дегенмен бағбандарға (бақша егушілерге) учаскелерде (саяжайларда) қонақ шақырып шара өткізуге тыйым салынады, олар 2 метрлік ара қашықтықты сақтап, медициналық маскалар тағып, антисептиктер пайдалануды жалғастыруы тиіс. 

Азаматтарға аула ішіндегі аумақтар мен балалар алаңдарында сағат 09.00 мен 20.00 аралығында серуендеуге рұқсат етіледі. Облыс тұрғындары бір-бірімен қол алыспауы тиіс, адамдар арасындағы 2 метрлік қашықтықты сақтап, медициналық маскалар тағып, антисептиктер пайдалана беруі керек. 

Атап өтерлігі, COVID-19 инфекциясының тіркелуіне байланысты карантиннің күшейтілген режимі енгізілген елді мекендер мен нысандар аумағында қозғалысқа салынған тыйым сақталады. 

Жаңа қаулыға сәйкес автожуу, техникалық қызмет көрсету станциялары, дөңгелек жөндеу қызметі сағат 10.00-ден 20.00 аралығында өз жұмыстарын жалғастыра алады.

Сол сияқты таңертеңгі 09.00-ден кешкі 16.00 аралығында химиялық тазарту, кір жуу орындары да жұмыстарына кіріседі. 

Заңдық қызмет көрсететін субъектілер (адвокаттар, сот орындаушылар және т.б.), сондай-ақ нотариустар тапсырыстар бойынша сағат 10.00-нан 20.00-ге дейін жұмыс істейді. 

Автобөлшектер сататын, құрылыс материалдарын саудалайтын жеке тұрған дүкендер де сағат 09.00 мен 18.00 аралығында ашық болады. 

Екінші деңгейлі банктер мен оларға қарасты ақша айырбастау пункттері, несиелік серіктестіктер, микроқаржылық ұйымдар қалыпты режимде жұмыстарын жалғастырады.

Бау-бақша серіктестіктеріне, саяжайларға баратын қоғамдық көліктер сағат 05.00-ден 20.00-ге дейін жүретін болады. 

Күзет қызметі ұйымдары, жолдар мен көпірлерді күтіп-сақтайтын, соның ішінде темір жолдарда қызмет көрсететін нысандар да жұмысқа кіріседі. 

Бұл ретте карантин кезінде жұмыс істейтін нысандар санитарлық-дезинфекциялық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды