• Басты
  • Алматы облысында браконьерлерге қатысты 18 қылмыстық іс қозғалды
20 Қыркүйек, 2019 15:13

Алматы облысында браконьерлерге қатысты 18 қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысының тәртіп сақшылары «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасын өрескел бұзудың 75 дерегін анықтады. Оның 18 дерегі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады Strategy2050.kz.

 

Алматы облысында браконьерлерге  қатысты 18 қылмыстық іс қозғалды
«7 қыркүйекте басталған «Браконьер» алдын алу іс-шарасының басты мақсаты – заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, браконьерлікті болдырмау. 12 күн ішінде заңсыз аң аулаумен айналысқан 3 тұлғаға, балық аулаған 2 тұлғаға және кесуге тыйым салынған ағаштарды кескен 13 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, 57 адамға әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды»,- деді Алматы облысы ПД Табиғат қорғау инспекторы Бағлан Рымжанов.

   Табиғат сақшыларының ақпаратына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының аумағында табиғат қорғау органдарымен бірлесе отырып, жергілікті тұрғынның Сібір елігін атып алу дерегі әшкереленген. Бұған дейін, осы ауданда жергілікті тұрғынды Қызыл кітапқа енгізілген 4 тоғай бұғысын атқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларының қабылданып жатқаны туралы хабарланған.

   «Осы іс-шара барысында 8 мылтық тәркіленді. 1 тоннадан астам балық, 12 текше метр ағаш тәркіленіп, олардан түскен қаражат мемлекеттің пайдасына аударылды»,- деп атап өтті Б. Рымжанов.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды