• Басты
  • Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр
4 Қараша, 2020 14:36

Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов журналистердің сұрақтарына жауап берді. Алматы облысының экономикалық дамуы, тұрғын-үй, мектеп құрылыстары, өндірістік өнеркәсіп көлемі, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, шағын және орта бизнестің әлеуеті сияқты мәселелері жөнінде толық есепті Srtategy2050.kz тілшісінің материалынан білуге болады.


Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында елдегі қайта өңдеу өнеркәсіптеріне шикізат алдыру туралы міндетті алға қойған еді. Соған сәйкес Алматы облысында үлкен іс атқарылып, Қазақстан бойынша бұл тапсырманың орындалуынан бірінші орынға шықты. Облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, экспортқа бағдарланған өнімді терең қайта өңдеу ісі басты назарға алынып, көп күш жұмсалады.

Біз бұл іске өңірдегі ірі кәсіпкерлерді шақырдық, бірнеше инвест форум өткіздік. Жергілікті атқарушы билік тарапынан қолдау көрсетілетінін айттық. Бұдан бөлек, «Бизнестің жол картасы-2020» сияқты бірнеше ұтымды бағдарлама бар. Барлық сыртқы желілерді өз мойнымызға алдық. Мәселен, зауытқа дейін электр қуатын, су, темір және автомобиль жолдарын жеткіземіз. «Маревен фуд» компаниясын алып қарайтын болсақ, мұнда 500 адам жұмыс істейді. Компания жұмысшылары жалпы сомасы 30 млрд теңге болатын өнім шығарды. Біз көрсеткен қолдаудың нәтижесінде олар даму кезеңінің жаңа сатысына өтіп жатыр. Енді мұнда мыңға жуық адам жұмыс істейтін болады. Нәтиже осы! Онда қазақстандық астықты терең өңдеу жүргізіледі, өнімнің 80% - ы басқа өңірлерге экспортталады, - деді Баталов.
ED2 (8).jpg

Баталов облысқа тартылатын инвестиция және қайта өңдеу зауыттарының өңдеу көлемінің артқаны туралы айтты. Облыста биыл жалпы құны 153 млрд теңге болатын 71 жоба іске асырылып, 3,5 мың жұмыс орны ашылады. Жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 трлн-нан асады. шикізаттық емес экспорт 6% өсіммен 406 млн, АҚШ долларына жетеді. Жалпы, Алматы облысының инвестициялық қоржынында жалпы құны 5 трлн теңгеден асатын 517 жоба бар.

Алматы облысында жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен 45 мың жұмыс орны ашылады. Біздің мақсатымыз-мемлекет Басшысының Жолдауында белгіленген әртараптандырылған және технологиялық экономика құру. Облыс аграрлық бағыттан агро-индустриялық бағытқа біртіндеп көшуде, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 87%-ға жетті. Бұл ретте трансұлттық компаниялардың 9 жобасы 4 мың жұмыс орнын аша отырып, 150 млрд теңге мөлшерінде жалпы инвестиция ретінде қомақты үлес қосуда. Мемлекет басшысы Германияда болған кезде оған «Бауман» компаниясының жобасы таныстырылды. Біз оны «Жетісу қой» деп атадық. Бізде 4 миллионнан астам қой бар, бірақ қайта өңдеу жоқ. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз осы компаниямен жұмыс істейміз. Іле ауданында ұсақ мал етін өңдейтін жақсы кәсіпорын ашамыз. Біз экспорттаймыз. Араб елдері біздің жергілікті өнімімізді күтуде, себебі дәм сапасы басқаларға қарағанда әлдеқайда жоғары, - деді ол., - деді ол.
Облыс америкалық компаниямен де бірлескен жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Қазір жермен және жем-шөп базасымен қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда.

Әкім облыста қызылша өсіру ісін дамыту мен бұрын тоқтап қалған қант өндіретін екі зауыттың қалпына келтірілетінін айтты.

Жақында қуаттылығы 350 мың тоннаны құрайтын Ақсу қант зауытында болдым. Аталмыш зауыт модернизацияланды. Қант зауыты заманауи технологиялармен жабдықталды. Өзгеріссіз қалғаны тек зауыттың қабырғалары. Қанттың шығуы 10% емес, 13% болды. Зауыттың қуаттылығы 550 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Сондықтан біз оны шикізатпен қамтамасыз ету үшін саланы дамытуымыз керек, - деді облыс басшысы.
DSC_2382.JPG

Амандық Баталов Жаркенттегі «Көксу» қант зауытының да модернизацияландырылғанын да айтты. Заыт жылына 10 мың тонна жүгері өңдеген болса, енді өңдеу көлемі 150 мың тоннаға дейін өскен.

Әкімнің дерегінше, облыстағы қайта өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемі 87%-ды құрайды. Алматы облысы мұнымен шектелмейді. Облыс тек жергілікті кәсіпкерлерді емес, сонымен қатар шетелдік кәсіпкерлерді де инвестицияға тартуда.

COVID-19 пандемиясы кезінде Алматы облысының денсаулық сақтау саласында кадр, дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі сезілді. Жалпы, пандемиямен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 13,8 млрд теңге бөлінді, соның 8,8 млрд теңгесі екінші толқынына дайындыққа қарастырылды. Амандық Баталовтың айтуынша, өңірде дәл қазір 12,9 млрд теңгеге денсаулық сақтау саласының 17 нысаны салынып жатыр. 7 аурухананы күрделі жөндеуден өткізу үшін 3 млрд теңге бөлінді. Талдықорған қаласында қысқа мерзім ішінде 200 төсек-орындық модульді инфекциялық аурухана салынды.

EDM_9639.jpg

EDM_2265.JPG

Алматы облысында медициналық нысандардан бөлек, білім беру нысандары да салынып жатыр. Әкімнің айтуынша өңірдегі үш аусымда оқитын мектептердің проблемасын шешу үшін 17 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы жылы барлығы 32 білім мекемесінің құрылысы жүргізіліп жатыр, соның 23-і мектеп, оның 17-сі үш ауысымды болдырмау мақсатында салынып жатыр екен. Бұдан бөлек «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 9 мың оқушыға арналған тағы 6 мектептің құрылысы басталды. Мектеп көлігін жаңартуға 1 млрд теңге бөлінді, 70 жаңа жайлы автобус сатып алынды. Амандық Баталов берген мәліметке сүйенсек, студенттер жатақханаларының да құрылысы жүріп жатыр.

1 (1) (1).jpg

Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында Талдықорғанда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері үшін 280 және Қаратал ауданында колледжге арналған 50 орындық жаңа жатақханалар салынды. Жыл соңына дейін Талдықорғанда тағы 480 орындық екі жатақхана пайдалануға беріледі.

Баталов тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілуі туралы баяндады. Алматы облысында мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар аясында 56,2 мың жұмыс орны құрылыпты. Оның ішінде 30,1 мыңы – тұрақты жұмыс орыны, қалғаны уақытша. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының арқасында құны 105,6 млрд теңгелік, 20,9 мың жұмыс орнымен 1051 жоба іске асырылған. Мұндай жобалардың 43% әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартуға, 237 жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен абаттандыру мәселелерін шешуге арналған. Алматы облысының атқарушы билігі «Еңбек» бағдарламасын іске қосты. Нәтижесінде 33 мың жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жұмысқа тұрды. Бұған 15,7 млрд теңге қарастырылды.

ED2_3646.jpg

Тұрғындардың әлеуметтік осал тобына жататын 16,3 мың отбасы 6,3 млрд теңгенің әлеуметтік көмегін алды. Жалпы сомасы 712,5 млн. теңге болатын кепілді әлеуметтік пакет 19 мың балаға берілді. 15,7 млрд теңгенің 42 500 теңгелік әлеуметтік төлемді 368,2 мың адам алды. Атап айтқанда, «Біргеміз», «Біргеміз Жетісу» қорының қаржысы есебінен және демеушілердің көмегімен облыстың 396 мың тұрғынына жалпы сомасы 4,9 млрд теңге көмек көрсетілді, - деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Алматы облысында 220 жұмысшы тартылып, 347 елді мекенінің жолдары күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Жалпы Алматы облысындағы тас жолдардың жөнделуіне 62 млрд теңге бөлінген.

EDM_7789.jpg

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Талдықорған - Өскемен», «Үшарал - Достық», «Күрті - Бурылбайтал» және «Ұзынағаш - Отар» облыстар арасын жалғайтын республикалық жолдарды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Барлық учаскедегі құрылыс жұмыстары 2021 жылға дейін созылады. Жөнделген жолдар транзиттік жүк тасымалы мен туристер легін арттыруға себеп болады. 2020 жылдың соңына дейін Алматы облысындағы жолдардың қанағаттанарлық деңгейі 84% - ға жетеді, - деді Амандық Баталов.
Аймақ басшысы облыстағы үйлерге газ тарту жұмыстарына да есеп берді. 2020 жылдың соңына дейін 1,2 млн тұрғын үйлеріне газ тартады. Қазір осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Талдықорғанда IV кезегі аяқталуда, Балқаш, Қаратал, Көксу, Кербұлақ және Ескелді аудандарында ауылішілік желілердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Жыл соңына қарай облыстың 1,2 млн тұрғыны немесе 57% газға қосылуға мүмкіндік алады.

Қазіргі кезде Алматы облысындағы 144 елді-мекенге газ тартылды. Жыл соңына қарай халықтың 57,1%-ы көгілдір отынға қол жеткізеді. Тек бес ауданда газ жоқ. Бұл аудандарды да газдандыру үшін «Ақсу - Сарқан - Үшарал», «Шелек – Кеген - Нарынқол» бағытындағы газ құбырлары құрылысының құжаттары жасалып жатыр. Егер құжаттар рәсімделсе, 300 мың адам тұрғын қамтылатын болады. Сондай-ақ, Алматы облысында сумен қамту жүйелерінің құрылысы мен жөндеуіне қатысты 18 млрд. теңге тұратын 110 жоба іске асырылуда. 

EDM_1495.jpg

Алматы облысында тұрғын үй құрылыстарының жұмыстары үздіксіз жүреді. 9 айда 712,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өсім 7,6% құрады. Ал жылдық жоспар – 938,8 мың шаршы метр. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысына 38,3 млрд теңге бөлінді. Жалпы облыста барлығы 2843 пәтерлік 566 тұрғын үй салынуда, оның 1020-сы көп балалы отбасыларына беріледі. 1533 отбасы «7-20-25», «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ 5-10-20» жеңілдетілген бағдарламалары бойынша пәтер алады.

Алматы облысында жалпы өңірлік өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2021 жылы 35% жетеді. Өңірде дағдарысқа қарсы шаралар аясында бизнестің 119 мың субъектісі салықтық ынталандыруға қол жеткізді, 641 субъектіге 24 млрд теңге несие бойынша төлемді кейінге шегеруге жағдай жасалды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 25 жоба жүзеге асырылуда.

Облыс әкімінің айтуынша, өңірдегі ірі қара мал басы 1,3 млн бастан, қой мен ешкі – 4,2 млн бастан асады. Сүтті мал шаруашылығын дамыту үшін 26 мың басқа арналған 82 сүтті-тауарлы ферма құрылды.

EDM_6157.jpg

Облыстағы ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 4 пайызға өсіп, 66 пайызды құрады, сүт зауыттары 73,4% - ға жүктелді. Сондықтан 2025 жылға дейін ет өндірісін 500 мың тоннаға дейін, сүт өндірісін 900 мың тоннаға дейін жеткізуді, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 25 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған тапсырмасы аясында айналымға 138 мың гектар суармалы жер тарту жоспарланған. Өткен жылы 20 мың гектар жер қалпына келтірілді, биыл тағы 20 мың гектарды тартылады, – деді Амандық Баталов.

Барлық жаңалықтар
18.232.146.10, 192.168.88.100