• Басты
  • Алматы былғары зауытында былғары өнімдерін өндірудің тұйық циклі жасалды
10 Сәуір, 2020 18:30

Алматы былғары зауытында былғары өнімдерін өндірудің тұйық циклі жасалды

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде шығарылатын тауарлар құрылымында тоқыма бұйымдары өндірісі 62 %, киім өндірісі 30 %, былғары мен оған жататын бұйымдар өндірісі 8 % құрайды.
Алматы былғары зауытында былғары өнімдерін өндірудің тұйық циклі жасалды

Еліміздегі былғары өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі - "ALMATY TANNERY+ (Алматы былғары зауыты+)" ЖШС. Кәсіпорын былғары өндірісі нарығында 2007 жылдан бастап жұмыс істейді. Зауыт Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан. Ірі қара малдың былғары шикізатын өңдеумен айналысатын өндіріс ошағын итальялық мамандар жобаланған. Бүгінгі таңда дайын өнім аяқ киім, жиһаз және өңдеу өндірісінде қолданылады. 

Кәсіпорында мынадай функционалдық кешендер бар: WET BLUE хром иленуінің жартылай фабрикатына шикізатты өңдеу өндірістік цехы, Grust цехы (КРАСТ), дайын былғары өндіру цехы және жөндеу-механикалық цех.

"WET BLUE" хром иленуінің жартылай фабрикатына шикізатты өңдеу цехының өндірістік қуаты 2 500 тонна ІҚМ шикізатын құрайды. Айына 5 млн.шаршы фут тауар өндіріледі. Цехта әрқайсысы 12 тонна сыйымдылығы бар 17 барабан жұмыс істейді.

"Crust" (КРАСТ) цехында 3P, Mosconi, Pajusco, Cartigliano, Bauce және т.б. Итальяның жетекші өндірушілердің заманауи жабдықтары орнатылған. "CRUST" (бөлінген және боялған) былғары өндірісінің айлық жобалық өнімділігі 1 млн.шаршы футты құрайды.

Дайын былғары өндіру цехы өткен жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді. Бұл цехты іске қосу арқылы былғары өнімдерін өндірудің тұйық циклі жасалды: ІҚМ терісін бастапқы өңдеуден бастап терең өңделген былғарыға дейін. Цехтың өндірістік қуаты айына 350 000 шаршы фут.

Ұзақ даму жолынан өткен былғары өндірісі - әлемнің көптеген елдерінің жеңіл өнеркәсіп бағытындағы алдыңғы қатарлы салаларының бірі. Ол ғылым, техника және жаңа технологиялардың озық жетістіктерін пайдаланады. Біздің елімізде де былғары өндірісін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, былғары кәсіпорындары үшін шикізат жетіспеуіне байланысты 2019 жылы алты ай мерзімге (10 наурыздан 10 қыркүйекке дейін) ірі қара мал терісін шығаруға тыйым салынды. 

Сондай-ақ негізгі кооперацияны ескере отырып, сүт, тері, жүн қабылдау пункттерін құру мен дамытуды қаржыландыруды көздейтін «Бірлік» несие бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, 2019 жылғы наурызда Үкімет 2019-2021 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі жол картасын мақұлдады. Онда кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, тауарлардың заңсыз айналымына қарсы күрес, қазақстандық қамту үлесін арттыру, экономикалық ынталандыру шаралары, сондай-ақ жүйелі қолдау бойынша шаралар көзделген.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды