• Басты
  • Алматы қаласында пандемия кезінде кәсіпкерлер саны 6000-ға өсті

Алматы қаласында пандемия кезінде кәсіпкерлер саны 6000-ға өсті

22 Қыркүйек, 2020 13:33

Алматы қаласы бойынша кәсіпкерлер палатасының басшысы Нариман Әбілшайықов пандемия кезіндегі Алматы кәсіпкерлерінің жағдайы, қаладағы жаңа жобалар мен олардың қаржыландыруы туралы онлайн брифингте айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

 


Онлайн брифинг Алматы қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында өтті. Пала директорының айтуынша, оңтүтік астанада жергілікті кәсіпкерлерді қолдау үшін «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы дайындалып, 94 млрд теңгенің 55 жобасына қаржы құйылды.

Пандемия салдарынан экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнесті 6 % мемлекеттік субсидиямен қамтамасыз етуді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын. Зардап шеккен секторларға сауда, көлік тасымалы, туризм, қоғамдық тамақтану орындары, кинотеатрлар, қонақ үй кәсібі бар. Субсидияның мерзімі төтенше жағдай жарияланған 16 наурыздан басталды. Енді 12 айға дейін жалғасады.

Соған сәйкес Алматы қаласында кәсіпкерлікті қолдау аясында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы басталды, - деді ол.

Отандық бизнесті қолдау мақсатында жергілікті әкімдік пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірігіп арнайы порталды іске қосты. Қаладағы әр компания өзіне қатысты деректің бәрін осы порталға енгізе алады. Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқытатын «Бастау-бизнес» жобасы да пайда болды.

«Бастау-бизнес» мектебін бітірген тыңдаушыларға бизнесін дамытуға 200 АЕК көлемінде грант беріледі. 2020 жылы Алматы қаласының кәсіпкерлері үшін 1705 грант бөлінді. Маусым айынан бері карантин жағдайы орын алса да Алматы қаласында 2 287 тыңдаушы осы курсты тәмамдады. 327 жас кәсіпкер осы жобадан соң алынған грант есебінін өз кәсібін бастады, - деді Палата директоры.

Статистикалық ақпарат бойынша, қалада 1 тамыздан бері 201 мың кәсіпкер жұмыс істеп жатыр. Бұл статистиа кәсіпкерлер санының күрт өскенін көрсетеді. 

Сәуір айынан бері Алматыдағы Алматыда бизнесмендер 6000-ға өсті. Бұл талдауды қажет ететін дерек болып тұр. Біз зерттеу жүргізіп жатырмыз. Карантиндік шектеу шаралары кезінде көп бизнес өкілдері табысынан айырылды. Кәсіпке қатысы жоқ жандардың да өмір сүру салты өзгерді. Олардың көбі үй жағдайында кәсіп бастап кеткен. Соның әсерінен болар, Алматыда аз уақыттың ішінде кәсіпкерлер едәуір өсті, - деді Нариман Әбілшайықов.

Алматы қаласы бойынша кәсіпкерлер палатасының директоры короновирус індетінің екінші толқыны туралы айта кетті. Оның айтуынша, ел ішінде аурудың таралуы, карантиннің енгізілуі ең алдымен бизнес өкілдері үшін тиімсіз. Олар шығынға ұшырайды.

Қазіргі таңда коронавирус жұқпалы ауруының таралуында өсім жоқ, тұрақтылық байқалады. Бизнес өкілдері өз кәсіпорындарындағы сақтық шараларын қатаң сақтауы тиіс. Маска тағып, әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, антисептикті қолдануымыз қажет. Сондай қарапайым шаралар ковидтің екінші толқынының келуінен сақтауы әбден мүмкін, - деді ол.

 Жалпы мемлекет пандемия салдарын еңсеруге 5,9 трлн теңге бөлген. Пандемия кәсіпкерліктегі бағдарламалалардың бәрінің бірдей тиімді емес екенін көрсетті. Өткен апта Алматы кәсіпкерлерімен кездескен ҚР Кәсіпкерлер Палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев кәсіпкерлікті дамытуға арналған жобаларды талдап, олардың ішінде қықартуды қажет ететіндерін қысқартып, ал керісінше қажет бағдарламаларды күшейтуді тапсырған болатын. Алматы қаласы кәсіпкерлерін алаңдататын проблемалар бар. Олар: мемлекеттік ұйымдар, квазимемлекеттік сектор және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары кезінде орын алатын проблемалар.

 

Барлық жаңалықтар