- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыға Мәскеуден бір топ дәрігер COVID-19 ауруымен күресуге келді
Алматыға Мәскеуден бір топ дәрігер COVID-19 ауруымен күресуге келді

Қазіргі кезде коронавирус пандемиясына қарсы бірлесіп күресудің жобасы қолға алынуда.Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев аппараттық кеңесте коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі Комиссия мүшелеріне екі мегаполис мэрлері арасындағы келісім бойынша кеше қалаға келген мәскеулік мамандар бригадасының басшысын Мәскеу қаласы Денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Алексей Токаревті таныстырды.
Мегаполиске келген инфекционистер және эпидемиологтар, анестезиологтар, реаниматологтар, кардиологтар, пульманологтар, сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар кеңес береді және әдістемелік көмек көрсетеді. Алматыға құрамында барлығы 23 маманнан тұратын топ келді.
Ресейден келген мамандар делегациясы емдеу топтарына бөлінеді. Яғни, 3-4 топтар Алматының медициналық ұйымдарының базасында ауыр науқастарды бағыттау және емдеу жұмыстарына қатысады. Ал, қосымша жасақталған 2-3 топтар COVID-19 індетіне шалдыққан әрі симптомсыздан симптомды деңгейге жеткен науқастарға медициналық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, мамандардың тағы бір тобы лабораториялық зерттеулерді ұйымдастыру мәселесімен айналысатын болады.
Осылайша, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің жеке келісімдерінің арқасында бауырлас қалалар арасындағы ынтымақтастықтың осынау ұтымды жобасы коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күресте қабылданған шаралардың пәрменділігін арттыруға ықпал ететін болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады

