• Басты
  • Алматы облысында 40 мың жұмыс орны құрылады
19 Ақпан, 2020 13:59

Алматы облысында 40 мың жұмыс орны құрылады

Экономиканың тұрақты өсімі мен жаңа өндірістердің ашылуы арқасында Алматы облысы барлық бағытта тұрақты дамып келеді. Жалпы құны 4,9 трлн. теңгеден асатын, 40 мың жұмыс орны құрылатын, 422 жобаны қамтитын инвестициялық портфель қалыптастырылған, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Алматы облысында 40 мың жұмыс орны құрылады

"Олардың ішінде инвестиция көлемі 94,5 млрд теңге болатын Жетісу вольфрамы кен өңдеу зауыты, құны 40 млрд. теңге болатын Прима-Құс құс фабрикасы, осы жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосылатын құны 47 млрд. теңгелік цемент зауыты бар", делінген хабарлама. 

Сондай-ақ облыс әкімі Амандық Баталовтың есепті кездесуінде айтылғандай, Лукойл трансұлттық ресейлік компанияның қатысуымен қуаттылығы жылына 100 мың тонна майлау материалдарын өндіретін зауыты іске қосылған (36,3 млрд.теңге, 225 жұмыс орны).

"Осы шаралардың барлығы 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін - 2 есе, инвестицияны - 1,6 есе, шикізаттық емес экспортты 1,8 есе арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өткен еді А. Баталов.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды