• Басты
  • Алик Шпекбаев жемқорлыққа белшесінен батқан салаларды атады
31 Қаңтар, 2020 11:16

Алик Шпекбаев жемқорлыққа белшесінен батқан салаларды атады

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев аталған агенттіктің өткен жылғы қортындыларымен таныстыру барысында еліміздегі жемқорлыққа белшесінен батқан салаларды атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Алик Шпекбаев жемқорлыққа белшесінен батқан салаларды атады

Оның айтуынша, еліміздегі білім саласы, ауыл шаруышылық және денсаулық сақтау саласы жемқорлыққа белшесінен батқан.

"Қазақстандағы жемқорлыққа белшесінен батқан салаларды атап өткім келеді. Бірінші орында білім саласы тұр. Өткен жылғы қорытынды бойынша, білім саласында жемқорлықпен байланысты 161 іс тіркелген. Ал ауыл шаруышлығы саласы екінші орында. Онда 155 іс тіркеліп отыр. Ал денсаулық саласы бойынша 107 құқықбұзушылық тіркелген. Білім саласы мен денсаулық саласында көп жағдайда жұмысқа тұрғызу кезінде пара алу, сол сияқты басқа да қаржылық алаяқтыққа жол берілген", - деді Алик Шпекбаев.

Сонымен қатар, Алик Шпекбаев шара барысында бұл мәселелерді шешу жолдарын да ұсынды. 

"Аталған салалардағы жемқорлықпен күресу үшін мен мынадай шаралар қабылдауды ұсынамын. Біріншіден, бюджеттік орган жетекшілерін мемлекеттік сатып алулар жүргізуден босату, бухгалтерияны орталықтандыру және барлық процестерді автоматтандыру. Сондай-ақ барлық білім беру мекемелерінде "Парасаттылық негіздері" міндетті оқу пәнін енгізуді ұсынамын", - деді ол. 

Сонымен бірге агенттік төрағасы жемқорлықпен күресу үшін қолға алынған басқа да шараларға тоқталып, "Халық үніне құлақ асатын Агенттік" тұжырымдамасы туралы айтты.

"Әкімдіктердің қолдауымен 12 аймақта азаматтарды кедергісіз қабылдау және оларға бірден көмек көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған Антикор сервистік орталықтары ашылды. Жұртшылықпен тиімді кері байланысқа жауапты серіктестік департаменті құрылды. Апта сайын БАҚ үшін брифингтер өткізіліп, әлеуметтік желілерде азаматтардың сұрауларына жедел ден қоятын белсенді жұмыс жүргізілуде", - деді агенттік төрағасы.

Агенттік төрағасының сөзіне сүйенсек, өткен жылы жемқорлықпен айналысты деген айыппен 1 175 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Былтыр сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы 2 мыңнан аса ұсыныстар енгізілді, 800-ден аса ұйымдастыру шаралары қабылданды, 63 НҚА-ге өзгертулер енгізілді. Қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша 3 мыңға жуық ұсынымдар енгізіліп, нәтижесінде слауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді А.Шпекбаев.

Бұдан басқа Алик Шпекбаев 2020 жылға 7 басымдықты белгіледі. Ол барлық мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен шығыстары туралы декларация жариялау міндеттілігі, кәсіби сатылмаушылыққа тестілеу енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.
"Сонымен бірге БҰҰ, ЭЫДҰ мен ГРЕКО-ның уәде беру/пара ұсыну, ықпал етуді сатуды қылмыстандыру, мүдделер қақтығысын реттеуді жетілдіру, мүдделілік (лоббистік) қызметті реттеуді қамтитын басты ұсыныстарын орындауға жұмылу. Сонымен қатар "жемқорлық" түсінігін жеке секторға тарату керек. Әдеттегідей біршама жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері коммерциялық банктердің, табиғи монополия, ірі өндіруші және кен өндіруші кәсіпорындардың, сауда желілері субъектілерінің қызметінде байқалып отыр", - деді агенттік төрағасы. 

Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыруды жалғастыру қажеттігін айтты.

"ЭЫДҰ мен ГРЕКО ұсыныстарына сәйкес хабарлаушыларды қорғаудың толыққанды жүйесінің болуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдың негізгі шарты болып табылады. Таяу арада озық халықаралық стандарттарға жауап беретін ұлттық жүйені құру қажет", - деді Алик Шпекбаев

Сонымен бірге оның айтуы бойынша, айтарлықтай сипатқа ие болған және бірнеше үкіметтік емес ұйымдар ұсынған қоғамдық бақылау институтын құқықтық реттеуді күшейту керек.

"Жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту бойынша шараларды пысықтау, соның ішінде жемқорлардың бас бостандығынан айыру мерзімін қоныс-колонияларда өтеуін, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды және еселенген айыппұл салуды жою, параға делдал болу және оқталу үшін жазаны қатайту қажет. Бізде айыппұлды кешірім ретінде қабылдай бастады, ал нағыз түрмеде отыруға тиісті адам абайсызда қылмыс жасаған адаммен бірге жеңілдетілген жағдайда жазасын өтеуде", - деді ол.

Сондай-ақ, ол сатып алу саласын әрі қарай жетілдіру қажеттігін атап өтті.

"Біз Президенттің «Сатып алу туралы» ортақ заң әзірлеу туралы тапсырмасын орындауға белсене кірісуіміз керек. Ойынның тәртібі мемлекеттік органдарға да, ұлттық компанияларға да бірдей болуы керек. Біздің мақсатымыз – жаңа заңда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен амалдарға жол бермеу қажет", - деді Алик Шпекбаев.

Бұдан басқа ол биыл бюджеттік қаражатты игеру және тендерлерді іске асыруда қаржы аударымының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға кірісу керектігін атап өтті. Оның айтуынша, халық кімнің қазына ақшасын алғанын, қайда жібергенін білуі тиіс.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды