- Басты
- Жаңалықтар
- Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті

Алексей Цой кездесу барысында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Норимас Шимомура мырза мен ДДСҰ Қазақстандағы
өкілі доктор Кэролайн Кларинвальге еліміздегі COVID-19 таралуының алдын алуға бағытталған жұмыстар мен жоспарлар жайлы айтып берді. Іс-шаралардың қатарында - халықты ақпараттандыру, барлық деңгейдегі медициналық көмек үшін нақты нұсқаулықтар әзірлеу,
медицина қызметкерлерін коронавирус инфекцияның алдын алу мен емдеудің негізгі принциптеріне оқыту және кадрлық резервті
қалыптастыру сынды шаралар бар.
Қазақстанда COVID-19 диагностикасының қолжетімділігін арттыру үшін компьютерлік томография мен цифрлық рентген-аппараттардың қызметін кеңейтеміз. Сонымен қатар, тестілеу үшін зертханалардың қуаты артып келеді. Стационарларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен жабдықтау, инфекциялық және провизорлық төсектерді 50% дейін көбейту,амбулаторлық деңгейде дистанциялық консультация жасау, үйде медициналық көмек көрсету және жедел жәрдемнің қолжетімділігін арттыру жұмыстары жалғасуда. Дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі де қозғалды. Ол үшін ведомство отандық тауар өндірушілерді ынталандыру және дәрі-дәрмек сатып алу, жеткізу рәсімдерін жеделдетуде, - деді министр. , - деді Алексей Цой.Сондай-ақ, тараптар SARS-CoV-2 вирусына қарсы бірлесіп, ынтымақтастықта күресу мүмкіндіктерін талқылады. БҰҰ мен ДДСҰ басшылығымен COVID-19 байланысты қажетті тауарларды жеткізу жүйесі бойынша мақсатты топ құрудың маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Қазақстан, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, вируспен күресу үшін қажетті маңызды материалдарды жеткізуді ұйымдастыру жүйесіне қатысуға мүдделі екенін де айтты Цой.
Осы процесті үйлестіру және Қазақстан Республикасының COVID-19 байланысты жеткізуді ұйымдастыру жүйесіне қатысуы үшін қазақстандық тараптан тиісті кандидатуралар анықталды. Кездесуге қатысушылар COVID-19 таралуының алдын алу мен күресте мәліметтер мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан тарапы аймақтардағы медицина мамандарына практикалық
көмек көрсету үшін ДДСҰ сарапшыларын жіберуді ұсынды.Кездесу соңында Алексей Цой Шимомура мен доктор Кларинваль
мырзаға қойылған міндеттерді іске асыруда қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтты және денсаулық сақтау саласындағы әріптестік
ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға дайын екенін білдірді. Алдағы уақытта да COVID-19 бойынша жүргізілетін жұмыстарға қатысты тұрақты түрде қашықтықтан онлайн-кездесулер өткізу ұсынылды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау

