• Басты
  • Алакөлге қандай әуе рейстері субсидияланады
17 Маусым, 2020 11:32

Алакөлге қандай әуе рейстері субсидияланады

Азаматтық авиация комитеті Алакөлге  субсидияланатын әуе рейстердің тізімін жариялады, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Алакөлге қандай әуе рейстері субсидияланады

"SCAT" әуекомпаниясы» АҚ сыйымдылығы 50 орын Bombardier CRJ200 типті әуе кемесінде субсидияланатын рейстерді орындайды:

- 2020 жылғы 27 мамырдан бастап аптасына 7 рет жиілігімен Нұр-Сұлтан–Үшарал–Нұр-Сұлтан бір бағытта жолаушыны тасымалдау құны 16000 теңгені құрайды.

- 2020 жылғы 28 мамырдан бастап аптасына 7 рет жиілігімен Алматы–Үшарал–Алматы бір бағытта жолаушыны тасымалдау құны 10 000 теңгені құрайды.

"Южное небо" АҚ сыйымдылығы 50 орын АН-24 типті әуе кемесінде субсидияланатын рейстерді орындайды:

- 2020 жылғы 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет жиілігімен Алматы–Үржар–Алматы бір бағытта жолаушыны тасымалдау құны– 14 000 теңге.

- 2020 жылғы 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет жиілігімен Нұр-Сұлтан–Үржар–Нұр-Сұлтан бір бағытта жолаушыны тасымалдау құны- 16 000 теңге.

"SCAT" әуекомпаниясы АҚ сұранысы бойынша қыркүйек пен қазан айларындағы жиіліктің төмендеуін ескере отырып, Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Үшаралға рейстерді қосымша аптасына 7 жиілікке ұлғайту мәселесі қарастырылуда.

Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі халықтың туристік қажеттілігін қанағаттандыру үшін 2020 жылға бөлінген субсидия көлемін ұлғайту және шілде айының басынан бастап Алматы –Жезқазған–Алматы, Нұр-Сұлтан–Балқаш–Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан –Үшарал– Нұр-Сұлтан әуе бағыттарында қосымша жиіліктерді қосу мәселесін қарастыруда.

Барлық жаңалықтар