• Басты
  • Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті

Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті

29 Сәуір, 2021 12:32

            Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы 2021 жылдың 28 сәуірінде Қазақ оркестрінің Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 115 жылдығына арналған «ҒАСЫРЛАР ПЕРНЕСІ» атты онлайн концерті өтті.

           


Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы 2021 жылдың 28 сәуірінде Қазақ оркестрінің Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 115 жылдығына арналған «ҒАСЫРЛАР ПЕРНЕСІ» атты онлайн концерті өтті.

Академик, өнертану ғылымының докторы, профессор А.Жұбанов өнер саласының бастауы болып, 1934 жылы әйгілі Құрманғазы оркестрін құрып, кейіннен Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Ұлттық Консерваторияны құруға ат салысып, және де сол консерваторияның ректоры болды. Міне осындай қазақ өнерінің майталманы А.Жұбановтың 115 жылдығына орай Қазақ оркестрі кең көлемде концерт ұйымдастырды.

Л.Хамидимен бірлесіп алғашқы «Абай» операсын жазған ұлттық композиторымыздың сонымен қатар көптеген халықтың күйші-әнші композиторларын зерттеп, еңбектер жазып, екі үлкен «Ғасырлар пернесі» және «Замана бұлбұлдары» атты монографиялардың авторы. Жалпы өнер мен мәдениеттің жанашыры болған дара тұлғаның концерттің бағдарламасы А.Жұбановтың өз бағдарламасынан тұрды.

Филармония басшысы Ерлан Дәкеновтың айтуынша, қазақ өнерінің тарихында Ахмет Жұбановтың орны ерекше болғандықтан, оның мерейтойы әр жыл сайын атап өтіледі.

"Биыл карантиндік шектеу шаралары болғандықтан, концерт онлайн түрінде өтті. Соған қарамастан өнерпаздар бірнеше уақыт дайындалып, концерттің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Филармония қазақ мәдениеті мен тарихындағы осындай тұлғалардың мерейтойлары қарсаңында іс-шара өткізіп тұрады", - деді Ерлан Дәкенов.

PHOTO-2021-04-28-21-27-45.jpg

Барлық жаңалықтар