• Басты
  • АХҚО жұмысының бір жылдық қорытындысы қандай
8 Қаңтар, 2020 12:27

АХҚО жұмысының бір жылдық қорытындысы қандай

«Астана» халықаралық қаржы орталығы 2019 жылы бірқатар жұмыстарды атқарып, игі бастамаларды жүзеге асырды. Атқарылған жұмыстардың маңыздылары туралы Strategy2050.kz АА әзірлеген материалдан оқи аласыздар.

 

АХҚО жұмысының бір жылдық қорытындысы қандай

Мәселен, 25 желтоқсан күні Президенттік жастар кадр резервіне енген мамандардың тізімі шықты. Оған «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының (АХҚО) 8 қызметкері енген.

 Алты іріктеу кезеңінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен 13 мың үміткердің ішінен 300 жас маман іріктелді. Іріктеудің нәтижесі бойынша АХҚО-ның екі қызметкері: АХҚО Биржасы AIX Қаржы жөніндегі директоры Ренат Бектұров пен «АХҚО Әкімшілігі» Басқарма Төрағасының орынбасары Ернур Рысмағамбетов ең жоғарғы ұпай жинап, 1 және 2 орындарды иеленді.

 АХҚО Соты мен ХТО Орталық Азия аймағында бірінші болып eJustice электронды сот төрелігінің жаңа жүйесін ресми түрде іске қосты. eJustice – бұл онлайн-портал. Ол тараптарға АХҚО Соты мен ХТО-ға электронды түрде талап-арыз беруге мүмкіндік береді. Яғни Нұр-Сұлтан қаласына келудің қажеті жоқ.

АХҚО Соты мен ХТО үшін сәуірдің 25-де АХҚО Соты бірінші коммерциялық іс бойынша өзінің алғашқы сот шешімін шығарды. Талап-арыз 2019 жылы наурыздың 19-ы күні opt-in құзыреті шеңберінде алынды. Ол АХҚО Сотында дауды қарауға жазбаша келісімі болған жағдайда ғана компаниялар үшін қолжетімді.

АХҚО Соты мен ХТО Тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт былай дейді:

«Идея - абсолютті сенімге лайық болу әрі Қазақстандағы инфрақұрылым туралы аз білетін халықаралық инвесторлар мойындайтын жүйені құру. Біз республикадағы инвесторлардың құқығын қорғаудың балама нұсқасын ұсыну үшін осындамыз.»

Ал маусым айында сот медиациясы іске қосылды. Дәл осы айда АХҚО Соты мен ХТО сот алымдары мен төлемдеріне мораторий жарияласа, шілдеде арбитраж-медиация қызметі - Еуразия аймағында алғаш рет енгізілді. Айта кету керек соңғы екі жылда АХҚО Соты мен ХТО өзінің білім беру бағдарламасы аясында 500-ден астам Қазақстандық заңгерлер мен студенттерді оқытты.

АХҚО Соты мен ХТО сенім артушылар уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Сөзіміздің дәлелі ретінде АХҚО Соты мен ХТО ескертпелері бар 1300-ден астам келісімшартты айтамыз. Демек, ағылшын жалпы құқымен жұмыс істейтін АХҚО елдің құқықтану саласына елеулі өзгерістер алып келетіні сөзсіз.

Халықаралық стандарттарды ұстану

• АХҚО-ның Қаржы қызметтерін реттеу саласындағы актілері халықаралық ұйымдар бекіткен ең үздік халықаралық стандарттар мен қағидаттар негізінде жасалады:

- Бағалы қағаздар жөніндегі халықаралық комиссия (IOSCO),

- Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті (BCBS),

- Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығы (IAIS),

- Исламдық қаржы қызметтері кеңесі (IFSB),

- Исламдық қаржы институттарының бухгалтерлік есеп және аудиті ұйымы (AAOIFI),

- Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымы (FinCoNet).

• Аталған халықаралық ұйымдарға қатысу АХҚО-ның реттеу алаңына капитал нарығы мен банк қызметін, сақтандыру мен исламдық қаржыландыруды реттеудің халықаралық стандарттарын интеграциялауға ықпал етеді.

АХҚО қатысушыларының арасында Қытай құрылыс банкі, Altyn Bank, венгриялық экспорт-импорт банкі, Қытай даму банкі, Citic Securities, Wood & Co, Renaissance Capital, Halyk Finance сияқты ірі брокерлер, Blackfort сынды активтерді басқару компаниялары бар. Капитал, Clarus Group, Қазақстандық қайта сақтандыру компаниясы деп тізбектеп кете беруге болады.

Нарықтағы ойыншылардың АХҚО алаңында болғаны сенім артқанын білдіреді. Мәселен «ҚазМұнайГаз - Қазақстанның энергетикалық қайта сақтандыру компаниясы» АҚ өзінің капиталы мен активтерін бір шетелдік юрисдикциядан АХҚО-қа өткізді.

AFSA – АХҚО құзыретіндегі қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін тәуелсіз реттеуші орган. Қаржылық қызмет үшін инновациялық орта құру, қаржы технологияларын сынақтан қауіпсіз өткізу талабы да осы AFSA-ға тиесілі. Сонымен FinTech зертханасын - жаңа қаржылық қызметтер мен технологияларды сынақтан өткізу үшін, сондай-ақ - RegTech реттеу технологиялары бойынша біліммен алмасу үшін 18 компанияға әртүрлі қызмет түрлерін көрсетуге лицензиясын берген. Сонымен қатар AFSA Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің қолдауымен аймақта алғаш рет инвестициялар мен несиелер қорын қаржыландыру туралы ережені әзірледі. Бұл дегеніңіз шағын және орта кәсіпорындар мен стартаптарды интернет-платформа арқылы қаржыландыруға мүмкіндік береді. Ал краудфандинг - Қазақстан мен аймақтағы экономиканың дамуында маңызды рөл атқармақ. Себебі бұл механизм де қаржыландырудың альтернативті әдісі.

Сонымен қатар, АХҚО реттеушісі 11 Әлемдік қаржылық реттеуші тобымен бірлесіп Қаржылық технологиялардың жаһандық желісін (GFIN) іске қосты. Қазір GFIN Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік банк сияқты 35 реттеуші мен халықаралық ұйымдарды біріктіреді. Осының арқасында инноваторлар АХҚО сияқты 21 құзыретте өз өнімдерін сынақтан өткізе алады.

Айта кету керек AIX «Самұрық-Қазына» АҚ-ның инвестициялық жағынан барынша тартымды компанияларын жекешелендіруді өткізудің негізгі алаңына айналмақ.

Биржаның сауда мүшелері болып 17 қазақстандық және 6 халықаралық брокер тіркелген.

Биыл Финтех хаб алаңында Visa Everywhere Initiative өңірлік кезеңі өтті. Бұл Visa Ғаламдық инновациялық бағдарламасы бойынша стартапшылардың өнімдерін жетілдіру және Visa серіктестері желісі үшін болашақта сұранысқа ие болатын шешімдерді ұсынуды мақсат етеді. Конкурсқа посткеңестік кеңістікте бірінші болып Қазақстан мен Ресей қосылды. Сондай-ақ, осы жылдың қазан айында Орталық Азияда алғаш рет Финтех Хаб Хао Startupbootcamp-пен әріптестікте Fast Track стартаптарға арналған іс-шара өтті. Нәтижесінде Дубайдағы финтех-акселераторына финалдық іріктеуге Орталық Азияның атынан 5 стартап жолдама алды.

Жалпы, АХҚО хабының Финтех хабында 100-ден астам стартап бар. Бұл Орталық Азия аймағын дамыту үшін бәсекеге қабілетті стартаптардың шоғырланған жері және акселераторы ретінде жақсы бастама.

АХҚО алаңында нарыққа қатысушыларды жасанды интеллект, блокчейн, үлкен деректер мен оларды өңдеу, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы технологияны дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 50-ден астам қаржы технологиялық компаниялары АХҚО юрисдикциясында тіркелген. Ал инвестициялық белсенділік 17 млн АҚШ доллары деп бағаланып отыр.

 Үздіксіз кәсіби даму бюросы (BCPD) бүгінгі таңда АХҚО-да тіркелген компаниялар үшін білікті мамандардың кадрлық резервін жасақтады. Қатары 10 000 адам. Жалпы 2019 жылы BCPD арқылы 2 642 маман қайта даярлаудан өткен.

Бюро еліміздің жоғары оқу орындарында құзыреттілік(компетенция) орталықтарын ашты. Осындай 9 арнайы алаң Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы университеттерде жұмыс істеп тұр. Осы жоғары оқу орындарының 47 мұғалімі Eikon терминалын пайдалануды үйренді.

АlmaU, ҚБТУ, UIB мен ҚазГЗУ-де Financial risk management бойынша, UIB-де Certified Financial Analyst, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Исламдық қаржы бағыттары бойынша оқу бағдарламалары ашылды. Мұның барлығы қазірден бастап заман талабына сай келетін, халықаралық дәрежеде жұмыс істей алатын сапалы кадрды дайындаудың маңыздылығын көрсетеді. Себебі экспаттармен қоян-қолтық жұмыс істейтін де, оларға мемлекеттік қызметтерді ұсынатын да қазақстандық мамандар.

Қызмет көрсету саласы білікті мамандарсыз жоғарғы деңгейге көтеріле қоймас. Бұның инвест климатқа да әсері болады. Сондықтан сапалы қызмет көрсету мен заманауи инфрақұрылым бар да инвесторлар Қазақстаннан табылмақ. Сол себепті де АХҚО-да Экспат-орталығы ашылды. Шетелден келіп жұмыс істейтін мамандарға құжаттық қолдау көрсету, мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі бір ғимараттың ішінде ағылшын тілінде көрсету осы Экспат-орталықтың міндетінде. Визалық қызметтер, полицияда тіркеу – АХҚО-ның Экспат-орталығында жедел тіркелуге көмектесетін полиция қызметі жұмыс істейді. Бұдан басқа салықтық және 500-ден астам мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болады.

Экспат-орталығы клиенттердің сұраныстарын ескеріп ұсынатын қызмет түрлерін біршама кеңейткен. Мәселен инвесторлар мен сарапшылар үшін жүргізуші куәлігін рәсімдеу және шетелдік автокөлікті тіркеу, нотариус пен аударма бюросы, мульти-касса, фото-кабинет, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы және Қазақстан тарихының бұрышы жұмыс істейді. Жалпы алғанда екі жылдың ішінде 5 700 қызмет көрсетіліпті.

АХҚО елдегі адам капиталының сапасын арттыруға үлес қосып келе жатқанын жоғарыда айттық. Енді АХҚО-ның мамандары Президенттік жастар кадр резервіне енгенін сөз қылсақ. Алты іріктеу кезеңінен мүдірмей өткендер тізімінде АХҚО Биржасы AIX Қаржы жөніндегі директоры Ренат Бектұров пен «АХҚО Әкімшілігі» Басқарма Төрағасының орынбасары Ернур Рысмағамбетов ең жоғарғы ұпай жинап, 1 және 2 орындарды иеленді.

Президенттік жастар кадрлық резервіне АХҚО-дан барлығы 8 қызметкер енді. Олардың қатарында: Нариман Әлібаев, Нұрлан Тайғанов, Ардақ Жұмағалиев, Әсия Кәрібай, Ілияс Шанбаев және Нұрсұлтан Серікбай бар.

Бұған қоса Цифрлық технологиялар жөніндегі Басқарушы директор Әсел Жанасова 2019 жылғы «100 Жаңа есім» байқауының жеңімпаздарының бірі атанды.

  2019 жыл «Астана» халықаралық қаржы орталығы үшін, жалпы еліміз үшін табысты жыл болған сыңайлы. АХҚО алаңы арқылы елге 130 млн доллар инвестиция тартылған. Елорда Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірінің рейтингінде 1-орынға шығып, Қаржы орталықтарының жаһандық индексінде (GFCI 25) 102 орыннан 51-орынға көтерілді. Ал, ASIAMONEY беделді әлемдік басылымы АХҚО-ны «Орталық және Шығыс Еуропа мен Орталық және Батыс Азия аймағындағы «Белдеу және Жол» бастамасының аясында «Жыл жобасы (прогресс)» деп танылды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды