- Басты
- Жаңалықтар
- АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ
АХҚО олимпиадасының жеңімпаздары анықталды, олар Қазақстан ұлттық құрамасын Халықаралық экономика олимпиадасында қорғайтын болады. Сонымен қоса, олар Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-да оқуға 18 грант ұтып алды, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қаржы және экономика бойынша 2021 жылғы АХҚО олимпиадасының қорытындылары шығарылды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 9-10/11 сыныптың 120 оқушысы бақ сынады. Қорытынды бойынша, алтын медальдар 4 қатысушыға, күміс - 6 және қола - 8 қатысушыға берілді. 5 жеңімпаз 2021 жылдың 21 шілдесінен 1 тамызга дейін онлайн режимінде өтетін Халықаралық экономикалық олимпиадаға (International Economics Olympiad) Қазақстан атынан қатысады.
АХҚО 2021 Олимпиадасының алтын медалінің иегерлері: Кенжегали Данат, Кабылкассымов Ерасыл, Мухамбеткалиева Сания, Омирбеков Нурсат. Күміс медаль иегерлері: Токаев Амир, Ерали Дана, Даненов Даниял, Сагынтайулы Мухамед, Хамидолла Куралай, Якубова Эльнара. Қола медаль иегерлері: Мухамедия Алдияр, Акимхан Аружан, Слам Ералхан, Туякаева Алима, Массалина Аружан, Нурлан Рустем, Шабай Адлет, Николсон Ева.
"Біздің қатысушыларымыздың бүгінгі күні ересек мамандар болып, біздің серіктестерімізден осындай керемет жолдаманы қалай алатынын көру өте қызықты. Университеттердің үздік ақыл-ой үшін, дарынды балалар үшін қалай күресетінін көру өте жақсы болды. АҚХО Олимпиадасының серіктестеріне жастарды қолдағандарына алғысымызды білдіреміз. Балалар, олимпиадаға қатысу-бұл сіздің кішкентай бастамаңыз, келе жатқан адам жолды басып озатынын ұмытпаңыз. Өмірде болашақта сіздің дамуыңызға және жаңа нәтижелерге қол жеткізуге серпін беретін сабақ алу маңызды. 5-6 жылдан кейін сізді индустрияда көремін деп үміттенеміз, сіз біздің еліміздің экономикасының дамуына өз үлесіңізді қосатындығыңызға және жүйені жетілдіруге көмектесе отырып, нағыз патриот болатындығыңызға сенімдімін, - деді марапаттау кезінде АХҚО үздіксіз кәсіби дамыту бюросының басшысы Эльмира Обри.
Эльмира Обри сондай-ақ экономика бойынша халықаралық олимпиадада Қазақстан ұлттық құрамасын ұсынатын оқушылардың есімдерін жариялады: "Қазақстан құрамасына Кенжегали Данат (Алматы қ.), Кабылкассымов Ерасыл (Қостанай қ.), Мухамбеткалиева Сания (Орал қ.), Омирбеков Нурсат (Нұр-Сұлтан қ.) және Ерали Дана (Алматы қ.) кірді. Қазақстан құрамасының тек республикалық қалалар ғана емес, Қазақстанның өңірлерінен екенін көру қуанышты. Келесі жылы Қазақстанның түкпір-түкпірінен одан да көп балалар қатысады деп үміттенеміз, бұл керемет мүмкіндік, ең бастысы осындай мүмкіндікпен сіз дос болып, өздерінің коғамдарынызды құрайаласыз".
АХҚО Олимпиадасының серіктестері Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында және "Жоғары экономика мектебі" Ұлттық зерттеу университетінде (Ресей) оқуға 18 грант бөлді. Жеңімпаздар келесі жоғары оқу орындарының толық және ішінара оқу ақыларымен грант ұтып алды: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті - 1 грант; Қазақ-Британ техникалық университеті - 9 грант; Сулейман Демирел атындағы университет - 1 грант; Х. Досмұхамедова атындағы Атырау мемлекеттік университеті - 2 грант. Ұлттық зерттеу университетінде "Жоғары экономика мектебінде" оқу үшін 5 грант ұсынылды.
Олимпиаданың ұйымдастырушылары, АХҚО-ның үздіксіз кәсіби даму бюросы, олимпиаданың барлық қатысушылары Alpharabius білім беру платформасында дайындалғанын хабарлайды, ол оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы үшін ерте кәсіптік бағдар беру және өмірлік дағдыларды оқытуға бағытталған, академиялық және әлеуметтік-экономикалық бағыттар.
АХҚО Олимпиадасының жаттықтырушылары Алматы қаласының №134 лицейінің мұғалімі Юлия Николсон және АХҚО бюросы тренингтік орталығының жетекшісі Руслан Мулдашев болды. Жаттықтырушылар алдағы экономика бойынша халықаралық олимпиадаға Қазақстан ұлттық құрамасын дайындау жұмыстарын жалғастырады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция

