• Басты
  • АХҚО Азияның жетекші төрелік институттарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды
29 Қазан, 2019 11:14

АХҚО Азияның жетекші төрелік институттарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Қазақстан АХҚО Халықаралық төрелік орталығының Төрағасы Барбара Доманн ханым Гонконгте және Қытайда дауларды шешу жөніндегі жетекші ұйымдармен ынтымақтастық туралы бес меморандумға қол қойды.
АХҚО Азияның жетекші төрелік институттарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Гонконгте ХТО Қытай халықаралық экономикалық және сауда-саттық төрелік комиссиясының Гонконг төрелік орталығымен (CIETAC HK) және Гонконгтың Халықаралық төрелік орталығымен (HKIAC) ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Қытайда Қытай халықаралық экономикалық және сауда-саттық төрелік комиссиясының штаб-пәтерімен (CIETAC China), «Бір белдеу –бір жол» бастамасының жобаларына арналған Халықаралықкоммерциялық медиация орталығымен (BNRMC) және Бейжінхалықаралық төрелік орталығымен (BIAC) меморандумдарға қол қойылды.

Сапар шеңберінде сонымен қатар Сингапур халықаралық медиация орталығымен бірлескен жобалар мүмкіндігі талқыланды. ХТО Төрағасы Барбара Доманн мен ХТО Тіркеушісі және аппаратының басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт Сингапур Ұлттық университетінде дәріс оқыды.

Меморандумдарға қол қою ХТО-ның ынтымақтастығын және Азияның аса ірі төрелік орталықтары арасында халықаралық мойындалуын кеңейтеді, сонымен қатар оның Орталық Азиядағы жетекші халықаралық төрелік орталық ретіндегі беделін жақсартады.Бірлескен зерттеу және білім беру бағдарламалары мен тренингтер жүргізу, төрелік процестерін ұйымдастыру, сонымен қатар бірлесіп ақпараттық науқандар өткізу ХТО мен оның азиялық әріптестері арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына айналады.

Қол қою процесі Азиядағы және бүкіл әлемдегі төрелікті іс жүзінде атқарушылар арасында анағұрлым атақты және құрметке ие екі форум болып табылатын Гонконг төрелік апталығы мен Қытайдағы Төрелік апталығының шеңберінде өтті. Биылғы жылы әлемнің 40 юрисдикциясынан форумға келушілердің рекордтық саны тіркелді.

«Мен Халықаралық төрелік орталығын Азияның жетекші коммерциялық төрелік және медиация институттары халықаралық және өңірлік коммерциялық дауларды шешетін Орталық Азиядағы жаңа орталық ретінде мойындағандығын хабарлауға қуаныштымын. Біздің азиялық әріптестерімізбен меморандумдарға қол қою ұзақ ынтымақтастықты кепілдендіреді және Қазақстанда және өңірде біздің орталықтарымыздың дамуына және өсуіне ықпал етеді», -деді Б.Доманн.

Сонымен қатар, «заңның үстемдік құруы» принципіне қатаң сәйкестікте қорғалатындығына сенімді бола алады деді Кристофер Кэмпбелл-Холт.

«ХАО Төрағасы Азияда қол қойған меморандумдар біздер үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады. Біз Қазақстанда және Орталық Азия өңірінде әлемдік деңгейдегі коммерциялық дауларды шешу қызметтерін ұсынуға ұмтыламыз. Біздің Азиядағы және басқа елдердегі жетекші төрелі институттармен ынтымақтастығымыз осы мақсатқа қол жеткізуімізге ұзақ мерзімді негізде көмектесетініне сенімдіміз. Қазақстанға келген инвесторлар олардың құқықтары «заңның үстемдік құруы» принципіне қатаң сәйкестікте қорғалатындығына сенімді бола алады», - деді Кристофер Кэмпбелл-Холт.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды