• Басты
  • АХҚО Алматы қаржы форумын өткізіп жатыр
4 Қазан, 2019 17:02

АХҚО Алматы қаржы форумын өткізіп жатыр

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп «АХҚО халықаралық инвесторлар апталығы» аясында Алматы қаржы форумын өткізіп жатыр, деп хабарлады Strategy2050.kz.


АХҚО   Алматы қаржы форумын өткізіп жатыр

Халықаралық инвесторлар апталығы жыл сайын әлемнің 80 елінде бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның халықаралық ұйымының (IOSCO) қолдауымен өткізіледі, іс-шараның қазақстандық серіктесі АХҚО.

 «АХҚО халықаралық инвесторлар апталығы» іскерлік және академиялық топтар үшін презентациялар мен ақпараттық сессиялар форматында өтіп жатыр және бағдарлама Қазақстанның 6 қаласын қамтиды, олар: Петропавл, Ақтау, Қарағанды, Түркістан, Алматы және Нұр-Сұлтан.

 Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев пен АХҚО Басқарушысы Қ. Келімбетов қатысқан Алматы қаржы форумы өз алаңында қаланың іскер топтарының өкілдерін жинады.

 АХҚО Басқарушысы Қ. Келімбетов атап өткендей, Алматы мүмкіндіктері мен АХҚО инфрақұрылымын бірлесіп пайдалану - бұл қаржы орталығы Қазақстандық бизнес-қоғамдастыққа және әлемдік инвестициялық қоғамдастыққа ұсына алатын жақсы әрекет.

 Форум барысында қаржы қызметтерін тұтынушыларды қорғау, бизнес үшін АХҚО мүмкіндіктері, жасыл және ислам облигацияларын шығару ерекшеліктері, АХҚО-да тіркеу артықшылықтары мен рәсімі және орталықтың білім беру бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі айтылды.

 АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитетінің өкілдері инвесторлардың мүдделерін қорғаудағы АХҚО-ның маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ, АХҚО спикерлері қаржы орталығының аймақтармен өзара іс-қимылы, атап айтқанда Алматы қаласының жобаларын іске асыру үшін АХҚО алаңын және сараптамасын пайдалану туралы тақырыбын қозғады.

 «Сбербанк России», ҚХР ірі банкі «China Construction Bank», «Wildberries», «Ernst & Young» және т. б. сияқты әлемнің ірі корпорацияларынан тұратын АХҚО қатысушылары өздерінің бизнес жүргізу тәжірибесімен бөлісті.

«АХҚО халықаралық инвесторлар апталығы» аясында жастар мен академиялық топтардың қаржылық және инвестициялық мәдениетін қалыптастыру және инвестициялау негіздері туралы ақпараттандыру мақсатында аймақтық жоғары оқу орындарының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы үшін дәрістер өткізілді. Сондай – ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларына арнайы семинар ұйымдастырылды.

Барлық жаңалықтар
34.237.138.69, 192.168.88.100