- Басты
- Жаңалықтар
- АХҚО алаңы Орта Азия аймағында жасыл қаржы саласында көшбасшы болмақ- Қ.Келімбетов
АХҚО алаңы Орта Азия аймағында жасыл қаржы саласында көшбасшы болмақ- Қ.Келімбетов
«Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов «2017 жылы Еуропалық даму және қайта құру банкімен бірлесіп, Қазақстанға арналған жасыл қаржылық жүйенің тұжырымдамасы әзірленгенін айтты.
«2018 жылдың маусым айында жасыл қаржы бойынша АХҚО кеңесі құрылды. Бүгін кеңес мүшелері жиынға қатысып отыр, олар тұрақты қаржыландыру саласындағы әлемдік көшбасшылар. Бүгінде АХҚО халықаралық сарапшылармен бірігіп біздің орталықтың заң құзыреті аясында жасыл қаржыға арналған реттеу тұрақты негізін құру үшін жұмыс істеп жатыр. Біз сондай-ақ, тұрақты жасыл қаржыландыруды дамыту аясында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Экологиялық кодекстің әзірлемесі мен оны Парламентте қорғау жасыл қаржы индустриясымен байланысты көптеген технологияларды енгізуге мүмкіндік береді деген үміттеміз», - деді Қ.Келімбетов.
Сонымен қатар,Қ.Келімбетов қазіргі таңда АХҚО мемлекеттік және квазимемлекетитік органдармен биржадағы жасыл облигацияларды шығаруды қамтамасыз ету үшін серіктестік жүргізіп жатқанын айтты.
«Ислам қаржыландыру нарығын дамыту аясында біз ислам жасыл қағаздарды шығару бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдігімен жасыл жобалар пулын жасақтау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Олар үшін жаңа жасыл тетіктерді қолдануға болады. Біз өз мақсатымызға сенеміз. «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңы ортаазиялық аймақта жасыл қаржы саласында көшбасшы болатынына сенеміз. Ол үшін біздің алаңда барлық мүмкіндіктер жасалған. 2017 жылы заңнамалық өзгертулер жоғары деңгейде қабылданғанын білесіздер», - деді ол.
Өз кезегінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бүгінде жаңа Экологиялық кодекс әзірленіп жатқанын айтты.
«Жылдың соңында құжат Парламентке түседі. Оны талқылауды бастаймыз. Жасыл қаржы мен таза технологияларды қолдану үшін Экологиялық кодекске жасыл қаржыландыру мен «жасыл» облигациялар түсінігі енгізілді. Сондай-ақ, «жасыл облигациялар» мен несиелер сынды өзге де тетіктер қарастырылған. Жасыл қаржыландыру «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметінде негізгі бағыттардың бірі болғаны қуантады. Біз Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк пен жаһандық экологиялық қор, Жасыл климаттық қормен жасыл қаржыны тарту бойынша серіктестікті жалғастырамыз», - деді ол.
Министр атағандай, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, экологиялық және климаттық проблемаларды шешу үшін қаржыны құю тұрақты дамудың негізгі құраушы бөлігі болып отыр.
«Жасыл қаржыландыру жасыл экономиканы дамытудың негізгі басымдығы болып отыр», - деді ол.
Ал, форумның бас спикерлерінің бірі Бутан Корольдігінің бұрынғы Премьер-Министрі Церинг Тобгай әлем бойынша осы сынды конференцияларға қатысқанын атап өтті.
«Мен қатысушылардың арасында пессимизмге бой алдырғандарды жиі көрдім. Олардың ойынша, бірдеңені өзгерту тек құзырет арқылы ғана жүзеге асады деп ойлайды. Біз климаттық жаһанданумен күресу үшін өзімізге жауапкершілікті алуымыз керек. Әлемде тұрақты жасыл экономиканы дамыту үшін көшбасшылық қажет. Климаттың жылуы бойынша біз күрделі шаралар қабылдауымыз керек не болмаса, болып жатқан өзгерістерді мойындамай, қиын жолмен жүруіміз керек», - деді Церинг Тобгай.
Айта кетейік, форумға 300-ден астам жетекші әлемдік және отандық жасыл қаржы маманы,сарапшылар мен саясаткерлер, бизнес және мемлекеттік сектор өкілдері қатысты.
Аягөз Құрмаш
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын