• Басты
  • Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті

Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті

16 Қыркүйек, 2021 12:55

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Еуразиялық Медиа форум алаңында пандемияның қоғамға, әсіресе медиаға, оның ішінде қазақстандық медиа саласына қалай әсер еткені туралы айтып берді. Сонымен бірге, министр коронавирустың күнделікті өмір сүру дағдығымызға өзгеріс енгізгеніне тоқталып, пандемия кезіндегі отандық медианың жұмысы жөнінде баян етті.  Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева EAMF аясында «Пандемия әлемді қалай өзгертті және жаһандық болмыстың жаңа векторларын анықтады» сессиясына қатысты. Ол форумның негізгі тақырыбы әлемнің пандемиядан кейін қалай өзгергені туралы екенін тілге тиек етті.

«Біріншіден, коронавирус адамдар үшін жаңа қауіп емес. Тарихта қара оба, шешек, тағы да басқа аурулар тарағанын білесіздер. Бірақ бұл вирустың таралуы планетарлық сипатта тараған. Пандемия адамдарға әсер етті. Бұрын бетперде мен қорғаныс құралдары сирек қолданылатын еді, қазір олар үйреншікті жағдайға айналды», - деді министр.

Оның сөзінше, пандемияның әсерінен дамдардың ойы, мінез-құлық стереотиптері, басқару процестері мен білім беру жүйесінде ауқымды өзгерістер орын алған. Сондай-ақ, ақпараттық технологиялардың арқасында адамзат карантиндік шараларды сақтана отырып, жұмыс істей алды.

«Айлада, коронавирус құрбандарының саны 4 миллионнан асты. XXI ғасырдың басынан бастап әр түрлі қақтығыстардан 780 мың адам қайтыс болған», - деді министр.

Сондай -ақ, пандемия елдер арасындағы көлік қатынастарын қысқартқанын атап өтті. Оның мәліметінше, 2019 жылдың желтоқсанында әйгілі «ZOOM» қызметін пайдаланушылардың саны 10 миллион болса, 2020 жылдың наурызында ол 200 миллионға дейін өскен.

«Алайда, ақпараттық технологиялардың арқасында біз сыртқы келбетінен айырылған жоқпыз, оларды виртуалды кеңістікке толықтай көшірдік. Әлем жаңа шарттарға бірден жауап берді», - деді Аида Балаева.

Сонымен қатар, ол шектеулі кеңістікте үйде мәжбүрлі уақыт өткізу ақпарат алудың дәстүрлі тәсілдерінде қызықты өзгерістерге әкелгенін атап өтті. Оның дерегінше, карантин кезінде қазақстандық арналардың рейтингі 27% - ға дейін артқан.

«ЛитРес компаниясының есептеулеріне сәйкес, 2020 жылы елде Android платформасында электронды кітаптарға сұраныс 50%-дан асқан. Бұл бірқатар басылымдар үшін маңызды болды. Осы тұста, шығармашылық өкілдерінің туындыларын дүниеге әкелуіне септігін тигізді», - деді Аида Балаева

Ол пандемия көрермендердің теледидарға деген қызығушылығын арттырғанын атап өтті. Карантин кезінде қазақстандық арналардың жалпы рейтингі 27% - ға өскен. Сондай-ақ, ол пандемияның экономикаға да айтарлықтай әсер еткенін атап өтті. Соның ішінде макроэкономикаға тоқталып өтті. Оның дерегінше, макроэкономикаға жаһандық мәнде 4,3 %-ға қысқарған. Бұл 2009 жылғы жаһандық қаржы дағдарысы кезіндегіден 2,5 есе артық.

«Пандемия короновируспен күрес барасында маңызды құрал ақпараттық кеңістік болды. БАҚ өкілдері алдыңғы қатарда қызмет етті. Соның ішінде сараптамалық пікірлер таратып, түрлі бейнелер мен арнайы бағдарламалар жасалды. Олар мемлекеттің стратегиясын да, қоғамдық өзін-өзі сақтау үшін жеке жауапкершілікті де түсіндіруге бағытталды», - дедә министр.

Оның пайымынша, БАҚ екі кезеңнен өткен. Оның алғашқысы карантиннің қажеттілігін түсіндіру маңыздылығы, сондай-ақ қорғану шаралары. Сонымен бірге, пандемияға тоқсауыл болу үшін мемлекеттік қолдау шараларының таралуын қамтамасыз етті. Екіншіден, қазіргі ең басты міндет-жаппай вакциналау қажеттілігі және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру болып табылатынын да атап өтті.

«Бүгінде еліміз вакциналаудың 60%-ына жетті, бұл тек мемлекеттік аппараттың ғана емес, жүйелі ұйымдастырушылық жұмыстың нәтижесі. Мұнда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі орасан зор. Өйткені олардың тұрақты түсіндіру жұмыстары адамдардың екпе алуына септігін тигізді», - деді министр

Сондай-ақ, ол 2020 жылдың шілдесінде арнайы "СтопФейк" интернет-ресурсын құрылғанын айтып өтті. Сайт іске қосылғаннан бері 1500-ден астам жалған ақпарат теріске шығарылған. Жобаның мазмұны әртүрлі платформаларда 15 миллионнан астам рет қаралған.

«Виртуалды әлемде адамдардың күйзелісін арттыратын кликбейт тақырыптары әлдеқайда маңызды. Дәл осы фактор көптеген қастандық жасаушылар мен антиваксерлердің танымалдылығын арттырады. Алайда дәстүрлі БАҚ-қа қарағанда әлдеқайда үлкен аудиторияға ие болады", - деді министр.

Осы орайда, мемлекеттің басты міндеті қазіргі журналистерді кәсіби қайта даярлау, соның ішінде виртуалды психология, журналист этикасы, ғылыми мәліметтер базасымен жұмыс істеу, мемдерді және бейнелер мен ақпаратты берудің басқа да виртуалды құралдарын зерделеу бағыттарына баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Мемлекеттің басты міндеті болуы тиіс.

«Журналистердің білімі заманауи әрі терең болуы керек. Бұл кәсіби журналистерді әуесқойлардан ерекшелендіреді. Сондықтан, осы жылы біздің министрлік медицина, экология, дін, құқық, IT мәселелерін қамтитын салалық журналистерді даярлау үшін еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен меморандумдар жасасты. I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша оқыту курстарынан 4000 қатысушы өтті», - деді Аида Балаева.

Сонымен қатар, министр журналистер мен БАҚ қызметкерлеріне еңбегі мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.

«Пандемия кезінде медицина қызметкерлері, полиция қызметкерлері, мұғалімдермен бірге журналистер COVID – пен күресудің алдыңғы шебінде қызмет етті. Оларға қатқысыз қызметі үшін алғыс білдіремін», - деп қорытындылады Ақпарат және қоғамдық даму министрі.


Барлық жаңалықтар